Close
02.04.2021

ҚР мемлекеттік тіл мәртебесінің мәселелері» тақырыбында онлайн республикалық форум өтті.

ҚР МСМ Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттарының қолдауымен мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында «ҚР мемлекеттік тіл мәртебесінің мәселелері» тақырыбында онлайн республикалық форум өтті.


Аталған шараға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Садыханұлы, Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба, Қоғам қайраткері, Тіл жанашыры Оразкүл Асанқазықызы, «Қазақ» және «Шалқар» радиоларының жетекшісі, журналист, ақын Бақыт Жағыпарұлы қатысты.


Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректоры Абдуалиев Ақан Жылқышыбайұлы алғы сөз алып, тұщымды ойын ортаға салды. Ананың сүті, әкенің қанымен берілген тілдің маңызына тоқтала келе, белең алған мәселелерін қозғап өтті.

Қатысушы студенттер зиялы қауым өкілдерінің тақырып төңірегіндегі пікірлерін тыңдап, ақпарат алмаса алды.

Айта өтейік, академияның тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Ергөбек Шыңғыс Құлбекұлы жиында модератор болды.