Close
02.05.2021

Құттықтаймыз!



Т.Қ.Жүрген атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлованың туған күнімен құттықтайды.

Құрметті Ақтоты Рахметоллақызы, төл мерекеңіз құтты болсын!
Музыка өнеріндегі жаңалықтарыңыз бен жетістіктеріңіздің бағасы биік.

Мәдениет саласының мазмұн, мәнерін молайтқан, терең тебіреністен туған, өнер тарихын тереңдете түскен әрбір туындыңыздың құндылығы жоғары.

Қазақ елінің мәдениеті мен спортының қарыштап дамуына, саланың әл-ауқатының артуын жан-жақты көрсетуде сіздің қосып отырған үлесіңіз зор.

Ел бүгіні мен болашағы үшін жасап жатқан ісіңізге мол табыс, мықты денсаулық, шығармашылық шабыт, отбасыңызға қуаныш пен шаттық тілейміз! Қарымды еңбегіңіздің жемісін көре бергейсіз.

#Академия_Құттықтайды