• 29.03.2024

Ұлттық ойын – тоғызқұмалақтан онлайн турнир өтті.

Авторkaznai

Mar 1, 2022

Алғыс айту күніне орай, «Сахна пластикасы және дене тәрбиесі» кафедрасының ұйымдастыруымен Алматы қаласының студенттері арасында ұлттық ойын – тоғызқұмалақтан онлайн турнир өтті.

26 ақпан күні өткен жарысқа Алматы қаласының 10 білім беру мекемесі өтінім беріп, 26 білім алушысы қатысты. Жарыстың бас төрешісі: С.М. Наурызбекова.

Жарыстың қорытындысы бойынша үздіктер анықталды:1 орын – Ұзақбек Назерке, Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, 3-курс студенті;2 орын – Құралбек Қанат, «Алматы технология-экономикалық колледжі», 2-курс студенті;3 орын – Рафкат Жансая, Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, 1-курс студенті.

Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталады.

Приемная комиссия