• 28.03.2024

Өнертану факультетінде XIII Республикалық Пәндік Олимпиадасының 1 кезеңі өз мәресіне жетті.

Авторkaznai

Dec 9, 2020

Дәстүрлі қалыптасқан олимпиаданың бұл жылғы жаңалығы – оның онлайн-форматта өтуінде болды.«Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының «Өнертану» мамандандыруы бойынша 25 қараша күні өткен байқауға 2-3 курс студентері арасынан 9 студент қатысты. Онлайн олимпиаданың бағдарламасы студенттерге онлайн түрде таратылып, студенттер бағдарламамен танысты. Комиссия мүшелері кафедрамыздың профессор-оқытушылар құрамынан болды. Комиссия төрағасы «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының меңгерушісі, философия ғ.к, профессор Қ.С.Оразқұлова онлайн-пәндік олимпиадамыздың ашылу салтанатында студенттерді құттықтап, тақырыптарды ұсынды. Таңдалған тақырыптар бойынша студенттер өздерінің білімдерін көрсетіп, әлем және қазақ өнерімен жақсы таныс екендіктерін байқатып бейнелеу өнеріндегі өзекті мәселелерді талқылап, тақырыптарын ашып талдай білді. Олимпиада қорытындысы бойынша zoom платформасында комиссия мүшелері студенттердің жұмыстарын талқылап, өздерінің пікірлерін білдіріп ,орындар тағайындады.


Приемная комиссия