Close

Осы жылы Азия өнер институттары лигасының кезекті отырысы Кореяда өтті. Аталмыш лига құрамында Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 2012 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Ректорымыз Ақан Абдуалиев бастаған  Өнер Академиясының ұжымы да айтулы шараға қатысып, жақсы жаңалықтармен оралды. 2020 оқу жылында өтетін Лига симпозиумы Алматыда, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында өтеді. Кеңесте  осы симпозиумның тақырыбы, қамту аясы және басқа да мәселелер талқыланды.

Кездесу соңы әр елден келген өкілдердің біріккен концерттік бағдарламасына ұласты. Біздің студенттер де Азия елдерінен келген қонақтарға өнерін көрсетіп, көпшілікті тәнті етті.

Енді дәл осы Лига мүшелерін біз өз академиямызда асыға күтеміз!