• 29.03.2024

Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА және колледжінің ПОҚ командасы 2021 жылдың 28 маусым күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында волейболдан өткен турнирде жүлделі III орынды иеленді. Сондай-ақ, команда мүшесі Мәдина Өтеулина үздік ойыншы атанды.

ҚР мәдениет ошақтары қатысқан жарыс ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ұйымдастыруымен Кәкен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде өтті.

Бірінші орынды «Алатау» дәстүрлі өнер театры, екінші орынды Ғ.Мүсірепов театры алды. Академия спортшылары кезекті рет өз шеберліктерін көрсетіп, спортта да теңдессіз көшбасшы екендігін дәлелдеді. Құттықтаймыз!!!

Приемная комиссия