• 29.03.2024

Ел астанасының туған күні құтты болсын!

Авторkaznai

Jul 6, 2021

Елорда күні барша қазақстандықтарға ортақа мереке. Егемендігіміздің нышаны, бейбіт күніміздің куәсі іспетті. ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың көрегендігімен бой көтеріп, бүгінде аты әлемге әйгілі көркем қалаға айналып отыр.

Нұр-сұлтан қаласы — әлемдік саясатқа ықпал ететін, өркендеген, экономикалық қуатты, бейбітшілік пен ынтымақтастықтың, татулықтың орталығы. Ерке Есілдің жағасында орналасқан Нұр-сұлтан қаласы — мемлекетіміздің айбары, жасампаздықтың жаңғырығы. Сәулетті ғимараты мен еңбекке құштар тұрғындары қаланың бет-бейнесі.

Барша қазақстандықтарды бүгінгі айтулы мерекемен құттықтай отыра, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Алдағы уақытта да тек алға ұмтылулар, ел үшін жемісті жаңалықтар болады деп сенеміз. Астанамыз жылдан жылға гүлдене берсін!

#ЕлордаКүні

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия