• 28.03.2024

Жолдау

Авторkaznai

Sep 8, 2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында Қазақстанның бюджеті екі өте маңызды салалар: экономиканы жандандыру, білім беру саласының сапасына және әлеуметтік мәселелердің орындалуына кең көлемде толық тоқталды. 2022 жылдың қаңтар айынан білім беру саласындағы оқытушылардың жалақысы 25% өсіп, алдағы үш жылда 1,2 триллион қаржы жұмсалатынын атап өтті. Ұстаздарды қолдау саятатын жалғастыра отырып, бүгінгі күннің жаһандық өзгерістерге толы сұраныстарына байланысты, білім алушының еңбек нарығында жеткен кездегі білім сапасының жеткіліксіз болып қалуы да мүмкін екенін ескертті. Бұл оқу бағдарламасының болашақты бағдарлай отырып жасалуы бүгінгі күннің негізгі кезек күттірмейтін жұмыс екенін тапсырды. Пандемия кезіндегі онлай оқыту барысындағы қиындықтарға тоқтала кетіп, ұлттық телекоммуникация жүйесінің жұмысы тиімсіздігінен болған келеңсіздіктерге, оның арқасында талай студенттердің оқуын тастап кеткені, орта білім саласында оқушылардың білім бағдарламасын толығымен игеруіне көп кедергі келтіргені туралы айтып өтті. Өкінішке орай, ол жағдай өнер академиясын да айналып өтпеді.


Үстіміздегі жылы оқушылар халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды, дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету қажет.Оларға жоғары оқу орнына түсу үшін конкурстан тыс гранттар берілмек. Сонымен қоса бір реттік ақшалай сыйақы да төленбекші. Пандемия кезінің қиындығына қарамастан біраз оқушылар халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаз лауреаттары атанды. Айтулы халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздарын даярлап оқытқан ұстаздарды да моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандырылатынын атап өтті.


Білім беру саласына жігерлі де білікті мамандар қажетілігі бүгінгі күннің сұранысы екенін айта келе, қайта даярлықтан өту мерзімі қазіргідей 5 жылда емес, 3 жылда бір рет өткізу қажеттілігіне тоқталды. Себебі оқытушының білім алушыға жаңа білім бере алатындай нағыз ағартушы болуы керек. Білімін жоғарлатушының курстан өту үшін өз қалтасынан ақша төленбеуіне жағдай жасалуын қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті.
Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер акдемиясының оқытушы-профессор қауымы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен ашық отырысындағы Қазақстан халқына «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ » атты 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын онлайн түрінде ықыласпен көріп, тыңдады. Білім беру саласында Жолдаудағы атқарылатын өте маңызды мақсат-міндеттер академияның оқытушы-профессор құрамына жаңа серпін, нақты қолдау беріп отыр. Жолдауда аталған маңызды мақсат-міндеттерді жүзеге асыру әр бір қазақстандық білім беру саласының қызметкерлерінің ерен еңбегіне байланысты екенін толығымен қабылдай отырып қолдайтынын білдіреді.

Құрметпен, Гүлдана Ғалымқызы Сапарғалиева – Т.Қ. Жүргенов ат.ҚазҰӨА профессоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

Приемная комиссия