• 19.03.2024

Жолдау

Авторkaznai

Sep 7, 2021

Президент Қ.К. Тоқаев 1 қыркүйек «Білім күні» мерекесімен қатар дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жолдау өзіндік нақтылығымен, ұғынықтылығымен ерекшеленді. Жолдауда көтерілген негізгі бағыттардың бірі – денсаулық мәселесі. Соңғы жарты жылдағы әлемдегі індет біздің әлсіз жақтарымызды ашық көрсетті. Халықтың үрейін ұшырып, берекетін қашырды. Жолдауда соның орнын толықтыруды ұсына отырып, жас ұрпақтың оқуына, үздіксіз білім алу және ғылым саласында жетістіктерге жетуіне барлық жағдайды жасаудың маңыздылығына ерекше тоқталған. Әсіресе, медицина саласында еңбек еткісі келетін жас ғалымдарды қолдау керек. Себебі, Қазақстанның ғылыми потенциалы өте жоғары. Денсаулық кепілінің бір бағыты осы десек, екінші бағыты – дене шынықтыру. Әрбір ауылдық жерлерде жақсы бір клубтар, спорт залдары, салауатты өмір салтына бейімделетін орта болу керек. Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар жас ұрпақтың дені сау болса ғана биік шыңдарға қолы жетері, халқына қызмет етері даусыз.

Құрметпен, Ғайнижамал Байкәрімқызы Әбілдина – Т.Қ. Жүргенов ат.ҚазҰӨА, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

Приемная комиссия