• 28.03.2024

«Дәуір және тұлға»

Авторkaznai

Aug 30, 2021

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы
«Шет тілдері және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы

ИШТВАН КОНГУР (КОНЫР) МАНДОКИ көрнекті түркологты еске алуға арналған «Дәуір және тұлға» жобасы аясында дөңгелек үстел

2021 жылдың 22 тамызында «Altair» балалар кітабы академиясы «Дәуір және тұлға» ағартушылық жобасы аясында белгілі түрколог, венгр ғалымы, филология ғылымдарының докторы, профессор ИШТВАН КОНГУР (КОНЫР) МАНДОКИГЕ арналған дөңгелек үстел өткізді (1944 ж. 10 ақпан, Карцаг, Венгрия – 1992 ж. 22 тамыз, Махачкала, Дағыстан, Қазақстанның Алматы қаласында жерленді).

Дөңгелек үстел жұмысы ZOOM платформасында online режимде өтті.

Ұйымдастырушылар: 

«Altair» балалар кітабы академиясы, «Социолингвистика, аударма теориясы мен практикасы» әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның зертханасы.

Модератор: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, филол. ғылымдарының докторы, профессор ШАЙМЕРДЕНОВА Нұрсұлу Жамалбекқызы

Спикерлер:

АМАНЖОЛОВА Джемма Болатқызы, филол. ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның доценті;

ШАЙМЕРДЕНОВА Меңдіғаным Жамалбекқызы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, ХАА академигі, Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның профессоры;

БӨРІБАЕВА МАЙНУРА ӘБІЛТАЙҚЫЗЫ, филол. ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның доценті .

Іс-шараға: ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, ҚХА Ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ЖОО-ның магистранттары, докторанттары, Алматы және Нұр-сұлтан қалалары мектептерінің оқушылары қатысты.

     Иштван Конгур (Коныр) Мандоки – еуропалық қыпшақтанудың негізін қалаушы. Негізгі ғылыми қызығушылықтары – қыпшақ-түркі филологиясы, мадьярдың ежелгі тарихы, кунның этнографиясы мен этникалық тарихы (Венгрия қыпшақтары), тіл мен этнографияның қазақ-куннық параллельдері. Венгр, неміс, француз, қазақ және т.б. тілдерде қырықтан астам ғылыми мақалалар жариялаған. «Куннық (қыпшақ) тілінің қалдықтары (Венгрияның мадьяр лексикасында, жазба ескерткіштерінде, топонимдерінде)» бас ғылыми еңбегі. (A kun nyelv magyarországi emlékei, 1975).

Алматыда № 154 орта мектеп, сондай-ақ көшелердің бірі Иштван Конгур (Коныр) Мандоки есімімен аталған.

Ғалымға «Иштван Коныр Мандоки» деректі фильмдер арналған (реж. Миргалым Есыркепов, сценарий авторы Ернар Масалим; Қазақстан, 2015), «Қыпшақ ізашары» (реж. Шоммай Кара Давид; Венгрия, 2017).

Приемная комиссия