• 29.03.2024

«Сценарий шеберлігі» пәні бойынша XIII Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың екінші кезеңі өтті

Авторkaznai

Mar 31, 2021

16.03.2021ж. Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультеті «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының «Кинотеледраматургия» мамандандыруы мен  Қазақ ұлттық өнер университетінің «Өнертану» факультетінің  «Кинотеледраматургия» мамандандыруының   2-3 курс студенттері арасында «Сценарий шеберлігі» пәні бойынша  XIII Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың екінші  кезеңі өтті. Бағдарлама бойынша студенттерге «Онлайнның әлегі», «Апокалипсис – жаңа дәуір», «Мейірім» атты үш тақырып бекітілді. Сайысқа «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының меңгерушісі, профессор Наурузбекова Гүлжан Құрманғалиевна, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Сұлтанәлі Балғабаев, өнертану магистрі аға оқытушы Ақмоншақ Ахмет; оқытушы Динара Борибаева, өнертану магистрі оқытушы Ұларбек  Нұрғалым қазылық етті. Жауапты хатшы: өнертану магистрі оқытушы Қолғанат Мұрат болды.

Байқау нәтижесінде:

1-орын –Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 3 курс студенті Исламхан Әсел ( Ғылыми жетекшісі: оқытушы –  Борибаева Д.Д. ).

2-орын – Қазақ ұлттық өнер университетінің  3 курс        студенті Унгарова Мадина ( Ғылыми жетекшісі: ҚазҰӨУ профессоры –  Мұқанова Р.Қ ).

2-орын –  Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 2 курс (аралас топ) студенті Құттыбаев Жансерік  ( Ғылыми жетекшісі: оқытушы, өнертану магистрі – Мұрат Қ ).

3-орын –   – Қазақ ұлттық өнер университетінің  2 курс   студенті Ержанова Карина Болатбекқызы  ( Ғылыми жетекшісі: оқытушы, өнертану магистрі – Нұрғалым Ұ ).  

3-орын –   – Қазақ ұлттық өнер университетінің  2 курс   студенті Семейханова Айша Тынышбековна ( Ғылыми жетекшісі: оқытушы, өнертану магистрі – Нұрғалым Ұ ).  

3-орын –  Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 2 курс студенті  Аманжол Ақжан (Ғылыми жетекшісі: профессор – Исабеков Д).


Алғыс хат –  Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 2 курс (аралас  топ)  студенті  Алғожаева Мия (Ғылыми жетекшісі:    оқытушы, профессор  – Құсайнов Ш )

Алғыс хат – Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 2 курс  студенті   Ерболқызы Ақтілек (Ғылыми жетекшісі:    профессор  – Исабеков Д) марапатталды.

Алғыс хат – Қазақ ұлттық өнер университетінің  2 курс  студенті Кулагунанова Малика Кайратқыз ( Ғылыми жетекшісі: оқытушы, өнертану магистрі – Нұрғалым Ұ ).  

Приемная комиссия