Close
08.01.2021

5 қаңтар күні, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Ақан Абдуалиев ұжымның бірқатар қызметкерлеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынған мараппаттарын табыс етті.

5 қаңтар күні, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Ақан Абдуалиев ұжымның бірқатар қызметкерлеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынған мараппаттарын табыс етті.

Ел бірлігін нығайту, бейбітшілік  пен келісімді сақтау және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін:

  • Мектеп-интернат, колледждің оқытушысы С.А.Жұмашева;
  • Сахна тілі кафедрасының аға оқытушысы А.М.Ихсанов;
  • Көркемсурет кафедрасының профессоры Ж.Қ.Қайрамбаев;
  • Жеке ән салу кафедрасының профессоры Ж.А.Махамбетов;
  • Көркемсурет кафедрасының профессоры Қ.Б.Оспанов;
  • Хореография факультетінің деканы Д.В.Сушков;
  • Экрандық өнер режиссурасы кафедрасының доценті А.Т.Айтуаров Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен наградталды.

    Ал, ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен:
  • Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы К.Б.Жанысбаева;
  • Балетмейстерлік өнер кафедрасының аға оқытушысы А.Т.Молдахметова;
  • Мектеп-интернат, колледждің оқытушысы С.Ж.Накисбекова марапатталды.

    ҚР БҒМ Алғыс хатын:
  • Мектеп-интернат, колледждің оқытушысы Ф.Т.Аширбакиев;
  • Шет тілдер және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының доценті З.Ш.Мақажанова;
  • Дизайн кафедрасының профессоры Қ.С.Көшенов;
  • Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының доценті Е.Қ.Күлдібаев;
  • Балетмейстерлік өнер кафедрасының доценті Л.А.Николаева алды.

    Тәуелсіздік күні қарсаңында, жас ұрпақтың адамгершілік және рухани-мәдени дамуына бағытталған «Ұлағатты ұрпақ» мәдени-білім беру жобасын жүзеге асыруға қосқан еңбегі үшін ҚР МСМ Алғыс хаты:
  • Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы кафедрасының профессоры О.В.Батурина;
  • Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы кафедрасының оқытушысы М.Б.Жабықбаева;
  • Киноның тарихы мен теориясы кафедрасының аға оқытушысы С.З.Баймұханова;
  • Киноның тарихы мен теориясы кафедрасының оқытушысы Г.К.Көпбаева;
  • Театр өнерінің тарихы мен теориясы кафедра меңгерушісі, доценті А.С.Еркебай;
  • Эстрадалық вокал кафедрасының профессоры Т.Т.Забирова;
  • Ғылыми-редакциялық бөлімінің басшысы Д.Д.Оразымбетов;
  • Өнер бағыты бойынша жобаларды басқару тобының ғылыми хатшысы Г.Б.Гизатова;
  • Киноның тарихы мен теориясы кафедрасының доценті Б.Б.Нөгербек;
  • Театр өнерінің тарихы мен теориясы кафедрасының профессоры С.Д.Қабдиева;
  • Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы кафедрасының аға оқытушысы Л.А.Кенжебаева;
  • Киноның тарихы мен теориясы кафедра меңгерушісі, профессоры К.Қ.Наурызбекова;
  • Киноның тарихы мен теориясы кафедрасының оқытушысы Д.Н.Әмірбекова берілді.