Close
28.05.2021

COVID-19 короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында талапкерлерге және аудиторияларға қойылатын талаптар

«Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында» COVID-19 короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында талапкерлерге және аудиторияларға қойылатын талаптар

Академия ғимаратында абитуриент санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік режим шараларын қатаң түрде  сақтауы тиіс!

1. Академия ғимаратының ауласында және ғимарат ішінде маскасыз жүруге тиым салынады

2. Академия ғимаратына ПЦР тест тапсырмаған студенттер кіргізілмейді.

3. Академия ғимаратының ауласында және ғимарат ішінде – бір-бірінен кемінде 2 метр арақашықтықты сақтау

4. Кіре берісте (бақылау-өткізу пункті) – дене қызуын тепловизормен (дене қызуын өлшейтін құралмен) өлшеу; ауру белгілері туралы сауалдар қою (құрғақ жөтел, дененің қызуы, тыныс алудағы қиындықтар, ентігу, т.б.); Бұл ауру белгілері байқалған жағдайда талапкер емтиханға жіберілмейді. Шұғыл түрде медициналық бақылау бөліміне баруы тиіс немесе жедел жәрдем тобы шақырылады. Абитуриент және емтихан комиссиясының мүшелері ASHYQ қосымшасын пайдалану арқылы ғана ғимаратқа кіре алады.

5. Кіретін кезде – аяқ киімдідезинфекциялық төсенішке (немесе дезинфекциялық сұйықтықпен дымқылдатылған түкті шүберекке) сүрту керек, бұл инфекцияның аяқ киім табанына жабысу арқылы ғимаратқа енуінен қорғайды.

6. Кіретін кездедезинфекциялық туннелден өту.

7. Кірген кезде – антисептикалық сұйықтықпен қолды жуу.

8. Әр талапкерге кем дегенде 2,5 кв. метр тиетін аудиторияларды пайдалану. Оларды 50 пайыздан кем мөлшерден артық пайдаланбау.

9. Топтар бір-бірімен кездеспейтіндей етіп әр-түрлі кіру шығу мүмкіндіктеін қарастыру.

10. Емтихан арасында комиссия мүшелерінің сыртқа шығып, емтихан өткен аудиториялардың тазалығын қамтамасыз ету. Емтихан ұзақтығн 2 сағаттан асырмау. Әр 2 сағат сайын аудиториялардың ылғалды тазалығын қамтамасыз ету.

8. Бір-біріңізбен қол алысу мен құшақтасудан бас тарту!

9. Жеке бастың тазалық ережесін қатаң түрде сақтау; әр 2 сағат сайын медициналық бет-пердені ауыстырып, оларды қоқыс салғышқа тастау;

Осы ережелерді сақтамаған талапкер емтиханға жіберілмейді!

Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның медқызметі