Close
15.02.2021

КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ!

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы ақын Шөмішбай Сариевтің дүниеден өтуіне байланысты жақындарына қайғыра көңіл айтады.


Әдебиеті әлеміне “қос қанатты ақын” деп танылды. Оның біріншісі, лирикалық жырлары болса, екіншісі– ән-өлеңдері еді. Туындылары халық сүйіспеншілігіне бөленіп, көптеген мемлекеттік және қоғамдық, әдеби марапаттарға ие болған. Ол – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Франц Кафка атындағы халықаралық Алтын медальмен марапатталған және «Платина Тарлан» сыйлығын, «Жыл Адамы – Алтын адам», «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығын алған ақын.

Ең бастысы, артына өшпес із қалдыра білді. Бүгінгі ұрпақтың жадында аңыз тұлға бейнесінде қалды. Сірә, «Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар» дейтін құнды сөздің дәлелі осы болар.

Топырағыңыз торқа болып, жаныңыз пейіште шалқысын!
#Көңіл_айтамыз