Close
08.01.2021

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы азаттықтың ақ таңын атырғанына 30 жыл толған ел үшін өткенге есеп әрі келешекке айқын бағдар болды.

«Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?», «Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдардың жауабы көрсетілді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Тарихтың арғы-бергі қатпарына үңілдіріп, рухымызды өсіре түскендей. Себебі, шежіреміз бізге бабаларымыздың батырлығын, талай тауқыметке мойымаған қайсар мінезін танытады. Мақалада Сақ, Ғұн дәуіренен бастап, хандық кезеңмен жалғасқан Қазақстан тарихы да арқау етілген.
«Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткерді. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілуге тиіс», – деді Қ.К.Тоқаев.
Бастамалар мен міндеттемелерден бөлек, елдің көңілінде жүрген күпті жайлардың нүктесі қойылды. Мемлекет басшысы: «Жер шетелдіктерге сатылмайды», – деп кесімді сөзін айтты. Ендігі жерде алаңдауға негіз жоқ.
Олай болса, алға қарай қадамымызды нық басып, еліміздің гүлденген кейпіне куә болайық!
@tokayev_online
@mcs.govrk