Close
15.02.2021

“Музей қызметінің негізгі бағыттары”

2021 ж. 8-12 ақпан аралығында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында “Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы” кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, музейтанушы, Мусаханова Мадина  Зульпухарқызының  “Музей қызметінің негізгі бағыттары” бағдарламасы бойынша Қазақстан музейлері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын өткізді.

Бағдарлама аясында тыңдаушылар келесі бөлімдермен танысты:

  • Бөлім 1. Мұражайдың ғылыми-зерттеу қызметі
  • Бөлім 2.Мұражайлардың ғылыми-қор жұмысы
  • Бөлім 3. Мұражайлардың экспозициялық қызметі
  • Бөлім 4. Мұражайлардың мәдени-білім беру қызметі
  • Бөлім 5. Музей ісіндегі Менеджмент және маркетинг

Курстың  ұзақтығы 36 академиялық сағатты құрады. Біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасына  КММ “Денисов атындағы  тарихи-өлкетану мұражайы”, Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы КММ “Б.Майлин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы”, КМҚК “СҚО әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының “Солтүстік Қазақстан облыстық музей бірлестігі”  Қарағанды облысының  Жезді кенті КМҚК ” М.Төрегелдин  атындағы Тау-кен және балқыту ісі мұражайы” , Ақтау қ.  КМҚК  “С. Қондыбаевтың  атындағы мемориалдық мұражайы” қызметкерлері белсенді қатысты.

Біліктілікті арттыру курсының тыңдармандары музей ісіндегі заманауи талаптар мен тенденцияларды ескере отырып, мұражай ісіндегі зерттеулерді, ғылыми-қорлық, экспозициялық, мәдени-ағартушылық қызметті, менеджмент пен маркетингті жобалаудың заманауи тәсілдерін игерді.

Курс соңында тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі сертификат табысталды.