Close
15.02.2021

Садықова Айгүл Егінбайқызының 70-жылдық мерейтойына арналған «ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ: ТӘЖІРИБЕ, МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ КЕЛЕШЕГІ» атты дөңгелек үстел болып өтті.

15 ақпан күні, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доценті Садықова Айгүл Егінбайқызының 70-жылдық мерейтойына арналған «ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ: ТӘЖІРИБЕ, МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ КЕЛЕШЕГІ» атты дөңгелек үстел болып өтті.


Аталған жиында мәдениет және өнер салаларындағы баяндамалар оқылып, соңы пікір алмасумен жалғасты.

Айгүл Егінбайқызы – Темірбек Жүргенов туралы мәліметтер жинақталған әдістемелік кабинет жұмысын ұйымдастырып, академияға өлшеусіз еңбегін сіңірген маман. 40 жылдан астам педогогикалық тәжірбиесі бар. Бүгінде шәкірттері жеңісті нәтижелерімен көзге түсіп, ел дамуына өзіндік үлестерін қосып келеді.

Айта өтейік, Айгүл Егінбайқызын Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректоры Ақан Абдуалиев жеке қабылдап, құттықтады.