Jabý
22.04.2019

Түлектерінің бірлестігі

№ 01 Хаттамасы

“Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектерінің бірлестігі”

қоғамдық бірлестігінің бастамашы-азаматтарының Құрылтай съезінің          

            050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Алмалы ауданы, Панфилов к-сі,127 үй мекен-жайы бойынша орналасқан ҚР МСМ “Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы” РММ ғимаратының мәжіліс бөлмесі.

           “Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектерінің бірлестігі” Қоғамдық бірлестігінің бастамашы-азаматтарының Құрылтай съезінің (әрі қарай- Құрылтай съезі) жұмысына қатысушылар: 

  1. Мұқан Аманкелді Оразбайұлы
  2. Сейдуллаұлы Жеңіс
  3. Тұрыс Бекжан Асаубайұлы
  4. Мукей Айгуль Адиятоллақызы
  5. Калымбетов Болат Нургалиевич
  6. Аязбаев Серкан Кенесович
  7. Ешкенов Газиз Акзамович
  8. Гафурова Гульфида Шайхиевна
  9. Ли Людмила Мунсековна
  10. Хожамбердиев Ордабек Камзабекович

Сонымен қатар Құрылтай съезінің жұмысына қатысады:

ҚР МСМ “Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы” РММ ректоры – Нүсіпжанова Б.Н.,  КСРО халық әртісі – Асанали Ашимов.

Құрылтай съезін ҚР МСМ “Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы” РММ ректоры  – Нүсіпжанова Б.Н. ашты. Ол Құрылтай съездің Жұмыс органын келесі құрамымен сайлауды ұсынды:

Құрылтай съездің төрағасы – Мұқан Аманкелді Оразбайұлы.

Құрылтай съездің хатшысы – Ли Людмила Мунсековна.

Дауыс бергендер: “қолдағандар” – 100% дауыс, “қарсы” – жоқ, “қалыс қалғандар” – жоқ.

Құрылтай съездің Жұмыс органы бірауыздан сайланды.

Құрылтай съездің төрағасы – Мұқан А.О., келесі күн тәртібін бекітуді ұсынды:

  1. “Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектерінің бірлестігі” Қоғамдық бірлестігін құру туралы;
  2. “Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектерінің бірлестігі” Қоғамдық бірлестігінің Жарғысын бекіту;
  3. “Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектерінің бірлестігі” Қоғамдық бірлестігінің Президентін сайлау;
  4. “Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектерінің бірлестігі” Қоғамдық бірлестігін тіркеу туралы;

Дауыс бергендер: “қолдағандар” – 100% дауыс, “қарсы” – жоқ, “қалыс қалғандар” – жоқ.

Құрылтай съездің қарауына енгізілген күн тәртібі бірауыздан қабылданды.

Құрылтай съездің төрағасы – Мұқан А.О., Құрылтай съездің келесі регламентті бекітуді ұсынды:

  1. Берілсін:- Құрылтай съездің күн тәртібінің сұрақтары бойынша баяндамалар мен хабарламалар үшін 15 минутқа дейін;- сөз сөйлеу үшін 7 минутқа дейін;- қайта сөз сөйлеу үшін-3 минутқа дейін.
  2. Дауыс беру тәртібі: – Құрылтай съезге қатысты мәселелер бойынша келесі қағида әрекет етеді: әрбір бастамашы-азамат бір дауысқа ие болады және шешім қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады; – Құрылтай съездің күн тәртібіне қатысты мәселелер бойынша дауыс беру ашық тәсілмен жүргізіледі; –  Құрылтай съездің күн тәртібіне қатысты мәселелер бойынша дауыстарды санау және оның қорытындысы туралы хаттаманы жасау Құрылтай съездің хатшысы жүргізеді.

Дауыс бергендер: “қолдағандар” – 100% дауыс, “қарсы” – жоқ, “қалыс қалғандар” – жоқ.

Құрылтай съездің Регламенті бірауыздан қабылданды.

  1. “Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектерінің бірлестігі” Қоғамдық бірлестігін құру туралы

  (сөз сөйлегендер: Нүсіпжанова Б. Н., Мұқан А. О.)

“Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектерінің бірлестігі” Қоғамдық бірлестігін құру қажеттілігі туралы ақпаратты тыңдап, Құрылтай съезі төмендегілер туралы ҚАУЛЫ ШЫҒАРАДЫ:

  1. “Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектерінің бірлестігі” Қоғамдық бірлестігін құру.

Дауыс бергендер: “қолдағандар” – 100% дауыс, “қарсы” – жоқ, “қалыс қалғандар” – жоқ.

Шешім бір ауыздан қабылданды.

  1. “Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектерінің бірлестігі” Қоғамдық бірлестігінің Жарғысын бекіту туралы

(сөз сөйлегендер: Мұқан А. О., Қалымбетов Б. Н.)

Ұсынылған Жарғы жобасын қарап, Құрылтай съезді төмендегілер туралы ҚАУЛЫ ШЫҒАРАДЫ:

  1. “Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектерінің бірлестігі” Қоғамдық бірлестігінің Жарғысы бекітілсін;

Дауыс бергендер: “қолдағандар” – 100% дауыс, “қарсы” – жоқ, “қалыс қалғандар” – жоқ.

Шешім бір ауыздан қабылданды.

  1. “Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектерінің бірлестігі” Қоғамдық бірлестігінің Президентін сайлау туралы

(сөз сөйлегендер: Нүсіпжанова Б. Н., Мұқан А. О., Қалымбетов Б. Н.)

“Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектерінің бірлестігі” Қоғамдық бірлестігінің Президентін сайлау туралы ұсыныстарды тыңдап және талқылап, Құрылтай съезі төмендегілер туралы ҚАУЛЫ ШЫҒАРАДЫ:

  1. “Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектерінің бірлестігі” Қоғамдық бірлестігінің Президенті етіп Асанали Ашимовті сайлау.

Дауыс бергендер: “қолдағандар” – 100% дауыс, “қарсы” – жоқ, “қалыс қалғандар” – жоқ.

Шешім бір ауыздан қабылданды.

  1. “Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектерінің бірлестігі” Қоғамдық бірлестігін тіркеу туралы

(сөз сөйлегендер: Мұқан А. О., Қалымбетов Б. Н.)

“Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектерінің бірлестігі” Қоғамдық бірлестігін тіркеу туралы мәселені қарастырып, Құрылтай съезі төмендегілер туралы ҚАУЛЫ ШЫҒАРАДЫ:

  1. “Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектерінің бірлестігі” Қоғамдық бірлестігін Алматы қаласы Әділет органында тіркеуден өткізу;
  2. “Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектерінің бірлестігі” Қоғамдық бірлестігі Президенті Асанали Ашимовті “Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектерінің бірлестігі” Қоғамдық бірлестігінің бекітілген Жарғысына қол қоюға, тіркеуден өткізу туралы өтінішке қол қоюға, сонымен қатар Алматы қаласының Әділет органында “Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектерінің бірлестігі” Қоғамдық бірлестігін тіркеуден өткізуге уәкімдік берілсін.

Дауыс бергендер: “қолдағандар” – 100 % дауыс, “қарсы” – жоқ, “қалыс қалғандар” – жоқ.

Шешім бір ауыздан қабылданды.

Құрылтай съездің күн тәртібіндегі барлық мәселелердің шешілуіне байланысты, Құрылтай съезі өз жұмысын тоқтатты.