Jabý
02.10.2019

ҚАЗҰӨА ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ

Т.К.Жургенов атындағы ҚазҰӨА ректорының № 01/04-5717  17.04.2019 ж. бұйрығымен бекітілген 

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының
диссертациялық кеңесі туралы

ЕРЕЖЕ 

Осы Ереже Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің Диссертациялық кеңес туралы типтік ережеге туралы 2011 жылғы 31 наурыздағы №126 бұйрығы мен 2012 жылғы 18 мамырдағы №225, 2013 жылғы 4 мамырдағы №172 және 2016 жылғы 21 қаңтардағы №56, 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №512 қосымшаларға және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы «Ғылым туралы» заңының 4 бабы, 13) тармақшасына сәйкес жасалған.

Диссертациялық кеңес – докторанттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауды өткізіп, философия докторы дәрежесін (PhD), ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша толық білім алған тұлғаларға өз саласы бойынша тапсырады. 

Диссертациялық кеңес қызметін ұйымдастыру

  1. 2016 жылғы 21 қаңтардағы №56 Типтік ережеге ДК құруға қатысты өзгертулер енгізілгенін ескере отырып, академияның диссертациялық кеңесі үш күнтізбелік жылға құрылады (2019-2021 жж.). 28.09.2018 жылғы №512 өзгертулерге сәйкес, ҚазҰӨА ерекше мәртебеге ие ЖОО болғандықтан, тиісті мамандықтарға қатысты (кадрларды дайындау бағыты) мемлекеттік тапсырыстың болуына байланысты диссертациялық кеңес дербес құрылады. Диссертациялық кеңес туралы ақпарат академияның интернет-ресурсында ректордың бұйрығы шыққаннан кейін, 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады.
  2. Диссертациялық кеңес құрамы мен ұүрамындағы өзгерістер ЖОО Ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес, ректор бұйрығымен бекітіледі.
  3. Диссертациялық кеңес төрағадан, төраға орынбасарынан, ғылыми хатшы мен кеңес мүшелерінен тұрады. Диссертациялық кеңес құрамына 15 (он бес) адам кіреді. 
  4. Ерекше мәртебесі бар ЖОО ретінде академияның Диссертациялық кеңесінде бір орын шет елдік ғалымға беріледі. Диссертациялық кеңес мүшелерінің мақалаларына қойылатын талап өз бетінше бекітіледі.
  5. Диссертациялық кеңес мүшелігіне кірмейтіндер:
  6. академия ректоры;
  7. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері;
  8. Соңғы бес (бес) жылда теріс баға алған диссертациялық жұмыста ғылыми кеңесші болған мамандар.
  9. Әр мамандық бойынша, диссертациялық кеңеске кем дегенде 3 (үш) ғылыми дәрежесі бар маман кіреді және олардың осы зерттеу тақырыбына байланысты кем дегенде 5 ғылыми мақаласы болуы тиіс. Сонымен бірге, диссертациялық кеңестің 1/3 (үштен бірі) штаттағы қызметкер болуы керек, кем дегенде 1/3 (үштен бірі) – өзге ЖОО, кем дегенде 1/3 (үштен бірі) – ғылыми немесе өзге ұйым өкілдері болуы тиіс.
  10. Диссертациялық кеңес қызметіне байланысты шығынның бәрін, соның ішінде, өзге қалада тұратын диссертациялық кеңес мүшелерінің іс-сапар шығынын академия өтейді. ЖОО плагиаттың бар-жоғын тексеретін компьютерлік бағдарламаны да өамтамасыз етеді. 

           Диссертациялық кеңес функциялары                             

  1. ЖОО академияның диссертациялық кеңесі туралы ережені дайындап, бекітеді. 
  2. Диссертациялық кеңес функциялары:
  3. Диссертацияны қорғауға қатысты құжаттарды қабылдау;
  4. Қорғау күні мен диссертациялық жұмыстың ресми рецензенттерін бекіту;
  5. диссертациялық кеңестің құрамынан докторанттың авторы мен дереккөзіне сілтеме жасалмаған бөтен материалды пайдаланғанын (плагиат) тексеру үшін комиссия (бұдан әрі – Диссертациялық кеңестің комиссиясы) құрады;
  6. диссертацияның ашық түрде қорғауын өткізу;
  7. диссертацияны қорғаудан алып тастау.
  8. Диссертациялық кеңестің мүшелері:

1) объективті, толық және дәйекті мәліметтерді ұсынады;

2) диссертацияға қатысты деректерді жасыруға жол бермейді;

3) ғылыми этиканың бұзылу фактілеріне ден қояды;

4) шешім қабылдағанда қоғамдық пікірдің, бір тараптың немесе үшінші тараптың әсеріне тәуелді болмайды;

5) мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу бойынша шаралар қабылдайды;

6) қызмет бабында кеңестің басқа мүшелерінің, докторанттардың, ғылыми кеңесшілер мен ресми рецензенттердің ары мен абыройына нұқсан келтіретін дөрекі, қорлайтын сөздерді, айыптауларды пайдаланбайды. 

Осы тармақта көрсетілген талаптардың орындалмау фактілері анықталған жағдайда диссертациялық кеңестің мүшесі оның құрамынан шығарылады. 

  1. Күнтізбелік жыл аяқталған соң, диссертациялық кеңес ҚР БҒМ Білім саласындағы комитетіне типтік Ереженің 2 қосымшасына сәйкес есеп береді По окончании календарного года диссертационный совет представляет в  
  2. Осы Ережеде белгіленген талаптарды диссертациялық кеңес 3 (үш) реттен көп бұзатын жағдайда диссертациялық кеңестің төрағасы, төрағаның орынбасары және ғалым хатшысы ауыстырылады.

      Докторант оқыған ЖОО-да ЖОО кафедрасының және (немесе) құрылымдық бөлімшенің кеңейтілген отырысы өтеді.  Кеңейтілген отырыстан 1 (бір) ай бұрын диссертация докторанттың ғылыми зерттеу саласы бойынша ғылыми дәрежесі (ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе академиялық дәрежесі (философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар 2 (екі) маманға жолданады.

    Кеңейтілген отырысқа кафедра және (немесе) құрылымдық бөлімшелер мүшелерінің кемінде 2/3-сі (үштен екісі), ғылыми кеңесшілер, сондай-ақ аралас (мәндес) кафедралардың, ЖОО-ның құрылымдық бөлімшелерінің, ғылыми және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысады.

      Отырыста консультанттар болмаған жағдайда, олардың докторанттың диссертациясы бойынша пікірін ЖОО кафедрасының немесе құрылымдық бөлімшенің басшысы оқиды. 

  1. Кафедраның және (немесе) құрылымдық бөлімшенің кеңейтілген отырысының оң шешімін алғаннан кейін докторант ЖОО ректорына қай диссертациялық кеңесте қорғауды таңдау туралы өтініш береді.

 Диссертациялық кеңеске мынадай құжаттар тапсырылады:

  1. құжаттарды қабылдау туралы ДК төрағасының атына өтініш;
  2. отандық және шетелдік ғылыми консультанттардың пікірлері;

          3) диссертация орындалған кафедраның оң шешімі;

4) берік түптелген және электронды тасымалдағыштағы диссертация;

4) ғылыми еңбектерінің тізімі және олардың көшірмелері;

Диссертация қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінің бірінде ұсынылады. Осы тармақта көрсетілген құжаттарды тіркеуді диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы іске асырады және кемінде 2 (екі) жұмыс күні мерзімінде диссертациялық кеңеске ұсынады.

  1. Құжаттар қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей диссертациялық кеңес диссертацияны қорғау күнін белгілейді және ғылыми дәрежесі (ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе академиялық дәрежесі (философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар және докторанттың зерттеу саласы бойынша кемінде 5 (бес) ғылыми мақаласы бар екі ресми рецензентті тағайындайды. 

    Диссертацияның қорғау күні диссертацияның қорғау күнін белгілеу күнінен 3 (үш) айдан аспауы тиіс. Қорғау күнін белгілеу кезінде докторанттар құжаттарының түсу кезегі сақталады.

  1. Диссертациялық кеңес ресми рецензенттердің, ғылыми консультанттардың бір-біріне тәуелсіз ұстанымдарын басшылыққа алады. 

    Мыналар:

      1) Комитет қызметкерлері;

      2) докторанттың диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстарының тең авторлары;

      3) диссертация орындалған және (немесе) докторант тапсырыс беруші немесе орындаушы (тең орындаушы) болып табылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген ЖОО және ғылыми ұйымдар бөлімшелерінің басшылары және қызметкерлері ресми рецензент бола алмайды;

  1. Диссертациялық кеңес ЖОО интернет-ресурсында докторанттардың қорғауы және кеңестің қызметі туралы келесі материалдарды орналастырады:

         1) мекен-жайы, күні мен уақыты көрсетілген алдағы қорғау туралы хабарлама (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын);

         2) диссертация (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын, қорғаудан кейін кемінде 5 (бес) ай ішінде қолжетімді);

         3) көлемі кемінде 1 (бір) баспа табақ мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде аннотация (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын);

         4) докторант жарияланымдарының тізімі (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын);

         5) қорғаудан кейін 5 (бес) ай ішінде қолжетімді ғылыми консультанттардың пікірлері (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын), қорғаудан кейін кемінде 5 (ай) ішінде қолжетімді); 

         6)  ресми рецензенттердің пікірлері (белгіленген қорғау күнінен 15 (он бес) жұмыс күні бұрын);

         7) қорғаудың бейнежазбасы толық көлемде, монтажға жол берілмейді (қорғаудан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады және қорғаудан кейін 5 (бес) ай бойы қолжетімді);

         8) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы диссертациялық кеңестің қорытындысы (қорғаудан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады және қорғаудан кейін кемінде 5 (ай) ішінде қолжетімді);

         9) апелляциялық комиссияның шешімі (болған жағдайда, шешім қабылдағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады және шешім қабылдағаннан кейін кемінде 5 (ай) ішінде қолжетімді);

        10) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес диссертациялық кеңестің жұмысы туралы есеп (күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады);

        11) осы Үлгі ережеге 3-қосымшаға сәйкес диссертациялық кеңестердің философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру (бас тарту) жөніндегі шешімдері туралы тоқсандық есебін (ерекше мәртебесі бар ЖОО-лар жанындағы диссертациялық кеңестері үшін). Тоқсандық есеп тоқсан аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күн ішінде орналастырылады және диссертациялық кеңестің қызметі мерзімінде қолжетімді;

       12) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі жөніндегі дипломды беру тәртібі (ерекше мәртебесі бар ЖОО-лар жанындағы диссертациялық кеңестері үшін);

        13) қорғаулар өткізу күнінің, уақытының, орнының өзгеруі және ресми рецензенттердің ауысуы туралы хабарландыру (болған жағдайда);

        14) диссертациялық кеңестің құрамы туралы ақпарат және диссертациялық кеңес қызметінің тәртібі.

        15) Диссертацияны ЖОО интернет-ресурсына орналастырғанда авторлық һұқық қамтамасыз етіліп, көшірме жасау мен материалды одан әрі қолданудан сақтайтын технологиялар қолданылады. ЖОО интернет-ресурсына орналастырылғаннан кейін, диссертациялық жұмысқа өзгертулер енгізілмейді.

       ЖОО интернет-ресурсында диссертация мазмұнына қатысты бейресми пікірлер де жарияланып, болашақта оны қорғауда да қолдануға болады. Авторлықты айқындау мүмкін болмаған, автордың электрондыв поштасы көрсетілмеген бейресми пікірлер қорғау кезінде пайдаланылмайды.

       16) Диссертацияның қағаз және электронды тасымалдағыштағы данасы ЖОО-ның кітапханасына беріледі. Қорғағаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы диссертацияның электронды тасымалдағыштағы даналарын Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына береді. 

       Диссертация ЖОО-ның интернет-ресурсында орналастырылған жағдайда, авторлық құқықтарды қорғау қамтамасыз етіледі, диссертация материалдарын заңсыз көшіруден және одан әрі пайдаланудан қорғау технологиялары қолданылады.

      17) Ресми рецензенттер диссертацияны және жарияланған жұмыстарды зерделеу негізінде диссертациялық кеңеске жазбаша пікірін ұсынады, онда (“Ғылым туралы” Заңның 18-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия қалыптастыратын) ғылымның даму бағыттарына және (немесе) мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі, таңдалған тақырыптың өзектілігі, ғылыми жаңашылдық, өзі жазу, дәйектілік, ішкі бірлік, практикалық құндылық, академиялық адалдық принциптеріне сәйкестігі бағаланады, сондай-ақ тиісті мамандық бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру мүмкіндігі туралы қорытынды беріледі.

   Ресми рецензенттер пікірлерінің көшірмелері докторантқа диссертация қорғауға дейін кемінде 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

      Пікір осы тармақтың талаптарына сәйкес келмесе, диссертациялық кеңес пікірді кемінде 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей ресми рецензентке қосымша қарау үшін қайтарады немесе ресми рецензентті ауыстырады.

      Ресми рецензенттер, сондай-ақ жазбаша түрде бас тартқан немесе рецензиялауға мүмкіндік болмаған жағдайда ауыстырылады. Егер ресми рецензентті ауыстыру туралы шешім 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктіріліп қабылданса, қорғау күні ауыстырылады.

      18) ҰМҒТСО анықтамасында, ресми рецензенттер және ЖОО-ның интернет-ресурсындағы бейресми пікірлерінде плагиат фактілері көрсетілген жағдайда Диссертациялық кеңестің комиссиясы диссертацияны плагиатқа тексереді. Тексеру туралы қорытынды диссертациялық кеңеске диссертация қорғауына 8 (сегіз) жұмыс күні қалғанға дейін беріледі.

      19) Диссертациялық кеңестің Комиссиясының қорытындысы негізінде диссертациялық кеңес докторантты қорғауға жібереді немесе диссертацияны қорғаудан алып тастайды. Қабылданған шешім туралы диссертациялық кеңес докторантқа 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарлайды және тиісті ақпарат ЖОО-ның интернет-ресурсында орналастырылады.

     Докторант диссертациясын қорғауға дейін 7 (жеті) күннен кешіктірмей қорғаудан алып тастауға мүмкіндігі бар. 

  1. Диссертациялық кеңестің төрағасы, төраға орынбасары және ғалым хатшысы докторанттың ғылыми кеңесшілері болып табылған жағдайда олар диссертацияны қарастыру кезінде диссертациялық кеңестің отырысында өз міндеттерін орындай алмайды. Диссертациялық кеңес төрағасының міндеттерін орындау диссертациялық кеңестің шешімімен төраға орынбасарына, төраға орынбасары мен ғалым хатшының міндеттерін орындау мүшелеріне жүктеледі. 

      Төраға, төраға орынбасары мен ғалым хатшы бір мезгілде болмаған жағдайда диссертациялық кеңестің отырысы өткізілмейді. 

     Диссертациялық кеңес диссертация қорғалуының бейнежазбаға түсірілуін толық көлемде қамтамасыз етеді, монтажға жол берілмейді.

  1. Диссертациялық кеңестің отырысы егер оның жұмысына мүшелерінің кемінде 2/3-і (үштен екісі), диссертациялық кеңестің мүшелерінен отырысқа әр мамандық (кадрларды даярлау бағыты) бойынша кемінде 3 (үш) маман міндетті түрде қатысқан жағдайда заңды болып саналады.

      Диссертациялық кеңес мүшелеріне (1/3-інен аспайтын) диссертацияны қорғауды өткізу отырысына on-line режимінде бейне-конференция нысанында қатысқаны да саналады. 

      Ресми рецензенттердің біреуі жоқ болған жағдайда (дәлелді себептер бойынша) оның пікірін ғалым хатшы оқиды. Ресми рецензенттерге диссертациялық кеңестің қорғау отырысында on-line режимінде бейне-конференция түрінде сөз сөйлеуге рұқсат беріледі. 

  1. Ерекше мәртебесі бар ЖОО-ның жанындағы диссертациялық кеңес келесі шешімдердің біреуін қабылдау үшін жасырын дауыс беруді жүргізеді:

      1) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру;

      2) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту. 

  1. Докторанттың ғылым консультанты, тікелей басшысы немесе жақын туысқандары болып есептелетін диссертациялық кеңес мүшелері дауыс беруге қатыспайды.

     Диссертациялық кеңестің шешімі, егер оған отырысқа қатысқан диссертациялық кеңес мүшелерінің 2/3 (үштен екісі) және одан көбі дауыс берсе, оң қабылданды деп саналады. Егер оң шешімге отырысқа қатысқан диссертациялық кеңес мүшелерінің 2/3-інен (үштен екісінен) кемі дауыс берсе, теріс шешім қабылданады.

  1. Теріс шешім қабылданған жағдайда диссертациялық кеңес диссертацияның осы Үлгі ереже мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген) Дәрежелер беру қағидаларының(бұдан әрі – Қағидалар) қандай талаптарына сәйкес келмейтіндігі көрсетілген қорытынды жасайды.

     Диссертациялық кеңестің философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы қорытындысы ЖОО-ның интернет-ресурсында осы Үлгі ереженің 23-тармағының 8) тармақшасына сәйкес орналастырылады.

      Комитет немесе диссертациялық кеңестің теріс шешімі шығарылған диссертация, осы Типтік ереженің 3 тарауындағы тәртіп бойынша қайта қорғауға ұсынылады.

     Қайта қорғауға ұсынылған диссертация бойынша диссертациялық кеңес диссертацияда бұдан бұрын орын алған бұзушылықтар жойылу туралы қорытынды жасау үшін өз құрамынан 3 (үш) маманды тағайындайды. Мамандар пікірі ЖОО интернет-ресурсында қорғауға кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын орналастырылады және қорғауда оқылады.

  1. Диссертациялық кеңестің теріс шешіміне апелляцияны докторант диссертация қорғалған ЖОО шешім шығарған күннен бастап 2 (екі) ай ішінде ерікті нысанда береді.

     Апелляцияны өткізу тәртібін ЖОО өз бетінше бекітеді.

  1. Апелляция ерекше мәртебесі жоқ ЖОО-ның жанындағы диссертациялық кеңестің шешіміне берілген жағдайда, апелляциялық комиссияның оң қорытындысы және диссертация соңғы шешім қабылдау үшін күнтізбелік 15 (он бес) күннің ішінде Комитетке жіберіледі.

     Апелляциялық комиссияның шешімі оны қабылдаған күннен бастап жұмыс 5 (бес) күн ішінде докторантқа хабарланады және ЖОО-ның интернет-ресурсына орналастырылады.

  1. Осы Типтік ережемен реттелмейтін, оның ішінде философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беруден, апелляцияға беру мерзімін қалпына келтіруден бас тарту мәселелері бойынша даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот тәртібінде шешіледі.

2019-2021 жж. мамандықтар тобы бойынша

 философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін диссертация қорғау бойынша Диссертациялық кеңес: 

6D041600 – Өнертану (мамандандру: бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы,  музыка тарихы мен теориясы,  кино тарихы мен теориясы,  театр өнерінің тарихы мен теориясы,  хореография тарихы мен теориясы)

6D040600 – Режиссура

6D041700 – Сән өнері

6D040800 – Эстрада өнері.

Аты- жөні Негізгі  жұмыс орны,Атқаратын қызметіҒылыми дәрежесі,      мамандық шифры   Диссертациялық кеңестегі мамандық шифры
1.КаржаубаеваСангуль КамаловнаТөрағаТ.Қ.Жүргенов атындағы КазҰӨА, /ЖАК/ профессоры, сценография кафедрасының меңгерушісіӨнертану докторы, профессор 17.00.09 6D041600 – Өнертану6D040600 – Режиссура
2.Нұрпейіс Бақыт КәкиқызыТөраға орынбасарыТ.Қ.Жүргенов атындағы КазҰӨА, /ЖАК/доцент,өнертануфакультетінің деканыӨнертану докторы, профессор 17.00.09   6D041600 – Өнертану6D040600 – Режиссура
3.Нөгербек Баубек БауыржанұлыҒылыми хатшыТ.К.Жүргенов атындағы КазҰӨА,кино тарихы мен теориясы кафедрасының доцентіPhD философия докторы 6D041600 – Өнертану6D041600 – Өнертану6D040600 – Режиссура
4.Бегалинова Гульнар АбдрахмановнаТ.К.Жүргенов атындағы КазҰӨА, /ЖАК/ доценты,эстрада оркестрыныңаспаптары кафедрасының профессорыӨнертану кандидаты  17.00.02.6D041600 – Өнертану6D040800 –Эстрада өнері
5.Батурина Ольга Владимировна Т.К.Жүргенов атындағы КазҰӨА,Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы кафедрасының доценті  Өнертану кандидаты, 17.00.04.6D041600 – Өнертану6D041700 –Сән өнері
6.Мурсалимова Гульнара АмангельдиновнаТ.К.Жүргенов атындағы КазҰӨА доценті, кино және ТВ факультетінің деканыӨнертану кандидаты, 17.00.09.6D041600 – Өнертану6D040600 – Режиссура
7.Шанкибаева Алия БахитжановнаТ.К.Жүргенов атындағы КазҰӨА,Сахналық пластика кафедрасының доценті  Өнертану кандидаты, 17.00.01.6D041600 – Өнертану6D040600 – Режиссура
8.Мукушева НазираРахманқызыКазақ ұлттық өнер университеті, Өнер кафедрасының профессорыӨнертану кандидаты, 17.00.03.6D040600 – Режиссура6D041600 – Өнертану
9.Мусагулова Гульмира ЖаксыбековнаҚұрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, доцент /ЖАК/, «Музыкатану, композиция, арт-менежмент пен ӘГП» факультетінің деканыӨнертану кандидаты, 17.00.026D041600 – Өнертану6D040600 – Режиссура
10.Бердібай АйжанРахманқұлқызыҚұрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Музыкатану және композиция кафедрасының аға оқытушысыPhD философия докторы6D041600 – Өнертану6D041600 – Өнертану6D040800 – Эстрады өнері
11.Асылбекова АйманМухтарбековнаКазақ ұлттық өнер университеті, өнертану кафедрасының менгерушісіӨнертану кандидаты,17.00.046D041600 – Өнертану6D041700 – Сән өнері
12.Каримова НигораГаниевна   Өзбекстан Республикасының ғылым академиясы институтының  кино және ТВ бөлімінің менгерушісі Өнертану кандидаты, 17.00.03 6D041600 – Өнертану6D040600 – Режиссура  
13.Шумилин Дмитрий АнотольевичРесей өнерінің тарихы ғылыми- зерттеу институты, директорының орынбасарыӨнертану кандидаты, 17.00.026D041600 – Өнертану6D040800 – Эстрада өнері
14.Джадайбаев Амир ЖалыновичА.Кастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы, жетекші ғылыми қызметкерӨнертану кандидаты, 17.00.046D041600 – Өнертану6D041700 –  Сән өнері
15.Мұқан АмангелдіОразбайұлыМ.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, театр және кино бөлімінің менгерушісі, доцент /ЖАК/Өнертану кандидаты, 17.00.016D040600 – Режиссура6D041600 – Өнертану
    

Диссертации 2015

Диссертации 2016

Диссертации 2017

Диссертации 2018