Jabý
30.03.2020

МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ПОСТЕРЛІК БАЯНДАМАЛАРЫНЫҢ ОНЛАЙН-КОНКУРСЫ

Т. К. Жүргеноватындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 16 сәуір күні сағат 11:00-де «Үздік постерлік баяндама» конкурсын өткізу туралы Ережеге сәйкес 2-курс магистранттары арасында постерлік баяндамалардың онлайн-конкурсын өткізеді.

Байқаудың мақсаты: бітіруші курс магистранттарының ғылыми-зерттеу жұмыстарының инновациялық жетістіктерін көрсету.

Байқау ашық түрде бір айналым негізінде өткізіледі.

Жұмыстар қатысушының жеке ғылыми зерттеулері мен әдістемелік әзірлемелерін көрсетуі тиіс.

Бағалау критерийлері:

  • Ғылыми жобаның өзектілігі;
  • Ғылыми жобаның ғылыми жетістіктерін бағалау;
  • Жұмыстың зерттелу сипаты, зерттеудің жаңалығы, ерекшелігі және күрделілігі;
  • Алынған нәтижелердің ғылыми және практикалық маңыздылығы;
  • Технологиялылығы (зерттеу нәтижелерін оқу үдерісіне немесе өндіріске енгізу мүмкіндігі);
  • Баяндаманың көрнекілілігі, ой-пікірдің мазмұндылығы мен мақсаттылығы, ойлау ерекшелігі;
  • Ауызша түсінік: мазмұнның қисындылығы мен айқындылығы, ойдың нақтылығы;
  • Қойылған сұрақтарға жауаптардың айқындылығы, арнайы терминологияны меңгеру деңгейі

Постерлікбаяндаманыңқұрылымы:

  • Ғылымизерттеудіңтақырыбы
  • Автордыңаты-жөні
  • Мамандық (шифр жәнеатауы)
  • Зерттеумақсаты
  • Зерттеунысаны, пәніжәнеәдістері
  • Зерттеудіңжаңалығы
  • Зерттеунәтижелері
  • Байланысдеректері (электрондықпоштамекенжайынкөрсетеотырып)

      Постерлік баяндамаларда иллюстрациялық материалдар: графика, диаграммалар, суреттер, схемалар, фотоматериалдар болуы тиіс.

      МАҢЫЗДЫ!Докладтарды ауызша онлайн-таныстыру 5 минуттан аспауы тиіс.