Jabý
04.12.2019

«ULY DALA JASTARY» АТТЫ II ЖАС ХОРЕОГРАФТАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің

«Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы»

Республикалық мемлекеттік мекемесі

15 қаңтар 2020 жылы

1. Жалпы ережелер

. Әлеуетті үміткерлерді қабылдау мақсатында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының хореография факультетімен Жас хореографтар байқауы тағайындалды. Байқау жеңімпаздары 1 дәрежелі лауреаттар Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-на шығармашылық емтихансыз қабылданады.

1. 2. Байқау мақсаттары:

— барлық қатысушыларды әлеуетті өтінім берушілер тізіміне енгізу;

— жас хореографтар мен оқытушылардың шығармашылық әлеуетін қолдау және дамыту;

— Қазақстанның хореографиялық өнерін кеңінен насихаттау, би бағыттарын дамыту, хореография саласындағы тәжірибе мен білім алмасу;

— таланттарды анықтау.

1. 3. Конкурсты өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады, оның құрамын Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры бекітеді және хореография факультетінің профессор-оқытушылар құрамынан тұрады.

1. 4. Ұйымдастыру комитеті әділқазылар алқасын, қазылар алқасының төрағасы мен Байқаудың хатшысын бекітеді.

2. Байқау өткізілуінің шарттары

2. 1. Байқауға Қазақстан Республикасының түкпір-түкпірінен әлеуетті үміткерлер қатыса алады.

2. 2. Байқауға қатысуға арналған өтінімді Ұйымдастыру комитеті өңдейді.

2. 3. Барлық қатысушылар өтініштерді толығымен және дұрыс толтыруы керек. Байқауға ұсынылған репертуарды Байқау барысында өзгертуге болмайды.

2. 4. Байқауға қатысуға ниет білдірген, үміткердің өтінімге қол қойғаны байқаудың шарттары мен талаптарын толығымен қабылдайтындығының дәлелі.

2. 5. Сайыскерлер 2 айналымды өтеді:

1 айналым:

Классикалық бидің тренажы (станоктың жанында және залдың ортасында қимылдардың практикалық көрсетуі, аллегро бөлімі)

2 айналым:

— «Хореография режиссурасы» мамандығына түсуге үміткерлер 3 минуттан аспайтын авторлық шығармада бір көпшілік хореографиялық жұмысты көрсетеді. Сайыскерлер саны — үш адамнан бастап. Би жаңа болуы керек, арнайы байқауға арналған. Қатысушының ниеті бойынша музыкалық материал және нөмірлердің стилистикалық бағдары (классикалық би, неоклассикалық би, халықтық-сахна биі, заманауи contemporary хореографиясы және модерн).

— «Хореография педагогикасы», «Спорттық бал биінің педагогикасы», «Заманауи хореография педагогикасы» мамандықтарына түсуге үміткерлер 3 минуттан аспайтын жеке би орындайды. Қатысушының ниеті бойынша музыкалық материал, хореография және нөмірлердің стилистикалық бағдары.

2. 6. Байқауға қатысу үшін қажетті реквизит пен костюмдерді қатысушылардың өздері қамтамасыз етеді. Ұйымдастыру комитеті Байқауға қатысушыларды реквизитпен, сахналық костюмдермен, макияж және аяқ киіммен қамтамасыз етпейді.

2. 7. Техникалық ақауларды алдын алу үшін байқауға қатысушылар музыкалық материалды USB флэш-картасында да, факультеттің kaznai_ballet@mail.ru электронды поштасына MP3 форматында «Өтінім мен хореографтар байқауына музыка» тақырыбымен хат жолдауы керек.

2. 8. Ұйымдастыру комитеті Байқауға қатысушыларды жаттығу бөлмелері мен сүйемелдеушімен қамтамасыз етпейді.

2. 9. Байқау қатысушыларына байқау күні оқу залында бір жаттығу беріледі (жаттығу уақыты 10 минуттан аспайды).

2. 10. Ұйымдастыру комитеті Байқауға қатысушыларды және олардың орындаушыларын сақтандырудың кез келген түрімен қамтамасыз етпейді.

2. 11. Ұйымдастыру комитеті қатысушылардың орындауларын және олардың шығармаларын теледидарда, Интернетте, әлеуметтік желілерде, бейнетаспаға түсіруді, бейнематериалдарды таратуға және байқауға қатысушылар мен олардың орындаушыларына ақы төлеместен таратуға барлық құқықты өзіне қалдырады.

2. 14. Барлық адамдар видео және кино түсірілімді (байқауға қатысушылардың орындаулары) Ұйымдастыру комитетінің арнайы рұқсатымен (аккредитация) ғана қол жеткізе алады.

3. Байқауды өткізу тәртібі

3. 1. Байқаудық жұмыстарды көрсету тәртібін Байқаудың Ұйымдастыру комитеті белгілейді.

3. 2. Байқаудық сынақтар екі айналымнан тұрады: бірінші айналым, үзіліс, екінші айналым, пікірсайыс, нәтижені жариялау. Барлық көріністер ашық түрде өткізіледі.

3. 3. Бірінші кезеңнің әр байқаудық жұмысы мен орындау шеберлігі әділ қазылар алқасымен 10 балдық жүйе бойынша бағаланады және тиісті бюллетеньге жазылады.

3. 4. Қазылар алқасы байқаудық жұмыстарды келесі критерийлер бойынша бағалайды:

1 АЙНАЛЫМ

«КЛАССИКАЛЫҚ БИДІҢ ТРЕНАЖЫ»

1) Орындау сауаттылығы;

2) Орындау музыкалдығы;

3) Қимыл координациясы.

2 АЙНАЛЫМ

«ХОРЕОГРАФИЯ РЕЖИССУРАСЫ»

1) Бейненің көркем мәнерлілігі;

2) Қимылдар мен комбинациялардың өңделгендігі;

3) Нөмірдің композициялық тұтастығы;

4) Музыкалық-хореографиялық драматургия;

5) Орындау шеберлігі.

«ХОРЕОГРАФИЯ ПЕДАГОГИКАСЫ»,

«СПОРТТЫҚ БАЛ БИІНІҢ ПЕДАГОГИКАСЫ»,

«ЗАМАНАУИ ХОРЕОГРАФИЯ ПЕДАГОГИКАСЫ»

1) Бейненің көркем мәнерлілігі;

2) Орындау шеберлігінің сауаттылығы;

3) Музыкалық қабілет пен координация.

3. 5. Қазылар алқасының шешімі жиналған ұпайларды санау арқылы анықталады. Байқау нәтижелері тиісті хаттамаға тіркеледі..

3. 6. Байқау нәтижелері қатысушыларға байқау күні жарияланады.

4. Қазылар алқасының жұмыс тәртібі және байқау жеңімпаздарын марапаттау

4. 1. Байқауға қатысушылардың өнерін кәсіби қазылар алқасы бағалайды, оның құрамына Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның хореография факультетінің профессор-оқытушылар құрамы кіреді.

4. 2. Қазылар алқасының мүшелері мен жауапты хатшысы Байқау бағдарламасына кіретін барлық қойылымдарға және барлық отырыстарға қатысады.

4. 3. Әр қойылымнан кейін қазылар алқасы бюллетеньдерге тиісті ұпайларды қойып, санау үшін хатшыға береді.

4. 4. Қазылар алқасы келесі номинациялар бойынша марапаттар береді:

— I, II, III дәрежелі лауреаттар;

— Дипломант.

4. 5. Байқау жеңімпаздары 1 дәрежелі лауреаттар Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-на ҰБТ нәтижесімен, шығармашылық емтихансыз қабылданады.

4.6. Байқауға ұсынылған ең жақсы жұмыстардың авторлары хореография факультеті мен академиядан Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-на түсуге жолдама алады.

4. 7. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды. Үміткерлер бойынша өтінімдер мен материалдар Ұйымдастыру комитетіне 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін (қоса алғанда) беріледі. Осы мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер, себептеріне қарамастан, қарастырылмайды және байқауға қатыспайды.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 050000; Алматы қ., Панфилов көш., 127, Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, хореография факультеті

ЗАЯВКА УЧАСТИЕ (kaz)

ЗАЯВКА УЧАСТИЕ (rus)

Қосымша ақпарат алу үшін:

Email: kaznai_ballet@mail.ru

Телефон: +7 727 272-82-71

Instagram: @kaznai_ballet