Jabý

2019 жылғы 4 қазанда сағ. 10.00-де Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының Кескіндеме, мүсін және дизайн факультеті магистранттары мен студенттерінің ұйымдастыруымен «Ұстазға мың тағзым» атты ұстаздар мерекесіне арналған шығармашылық  көрмесі өтетінін хабарлаймыз.

      Шараның мақсаты –  шығармашыл жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу. Сондай-ақ көрме жастарға елін, жерін, тілі мен мәдениетін, өзіне тәлім тәрбие-берген  ұстазын құрметтеу мақсатында ұсынылып отыр.

       Бұл көрмеде студенттер өз ұстазына  деген құрметін білдіріп, өздері жасаған жұмыстарын ұсынады.

Көрмеде қойылатын жұмыстар: Кескіндеме, мүсін, графика, қолданбалы өнер туындылары.

Ұйымдастырушы: Музей және галерея меңгерушісі М.К.Тоқпанова