Jabý
23.04.2019

Оқу-әдістемелік басқарма

Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның оқу-әдістемелік басқармасы (ОӘБ) ҚР ЖМББС талаптарына сәйкес академия кафедраларында оқу-әдістемелік жұмысын бақылайтын ең негізгі құрылымдық бөлімі болып табылады. Оқу-әдістемелік басқарма ҚР «Білім туралы» заңы мен бұйрықтарын, ҚР Жоғары және Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы ережесін, академияның Ғылыми кеңесінің шешімін, ректордың және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректордың бұйрықтары мен үкімдерін басшылыққа ала отырып жұмыс істейді. Оқу-әдістемелік басқарманың құрылымына мынадай бөлімдер кіреді: оқу, өндіріс практикасы және кәсіптік бейімделу бөлімдері кіреді. Оқу-әдістемелік басқарма өзінің жұмысын факультеттермен, кафедралармен, басқа да бөлімдермен тығыз байланыс жасай отырып іске асырады. Негізгі міндеттер:
  • Ғылыми-әдістемелік еңбектерді ұйымдастыру және енгізу, оқу барысын басқаруда оқу және әдістемелік жұмыстарды жетілдіру;
  • Оқу үдерісіне қазіргі таңдағы оқу-әдістемелік және дидактикалық материалдарды енгізу және даярлау;
  • Типтік оқу бағдарламаларын даярлау;
  • Академияның оқу-әдістемелік нормативтік және ҚР БЖҒМ құжаттарының сәйкестігінің сапасын бақылау;
  • Оқу үдерісін оқу-әдістемелік, нормативтік, ақпараттық және ұйымдастырушылық кеңес барысымен қамтамасыз ету;
  • Оқу үдерісінің тиімділігін жоғарылату, озық тәжірибені жалпылау және енгізу бойынша зерттеу;
  • Оқу үдерісін қазіргі талаптарға және академияның білім беру қызметінің даму стратегияларына сәйкес жаңғырту;
  • Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу үшін шарттарды жасау, оқу үдерісін сапалы басқару.