Jabý
03.12.2019

2019 жылдың 30 қараша күні Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы Бас ғимарат холлында Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының ұйымдастыруымен 1 Желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты поэзиялық-музыкалық мерекелік іс-шара өтті.

Студенттердің бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған іс-шара барысында студенттер Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевқа арнау жырлар оқып, Елбасының құрметіне жазылған әндер шырқалды. Елбасының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен ел тарихындағы ролі туралы ой тұжырымдады.

Аталмыш шара арқылы студенттер Елбасының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен ел тарихындағы ролі туралы ой тұжырымдады.