• 28.03.2024

«Театр өнері» факультеті 2022 жылдың 28 ақпан күндері өтетін талапкерлерге арналған республикалық байқауға қатысуға шақырады.

Авторkaznai

Ақп 14, 2022

ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!

          Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Театр өнері» факультеті 2022 жылдың 28 ақпан күндері өтетін талапкерлерге арналған республикалық байқауға қатысуға шақырады.

Байқаудың негізі мақсаты:

– «Театр өнері» факультетіне актерлік қабілеті бар дарынды жастарды тарту;

– музыкалық театр артисі, драма мамандықтары бойынша қызығушылығы бар жас таланттар иесіне академиямыздың жаңа оқу жылында қандай талаптар қойылатынын ескертіп, талапкерлерге өз бағын сынап көруге мүмкіндік беру;

– І орын алған байқау лауреаттарына Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Актерлік өнер» білім беру бағдарламасы бойынша 2021-2022 оқу жылындағы қабылдау емтихандарына жеңілдік беріледі, яғни шығармашылық емтиханнан жоғарғы балл қойылып, тек кешенді тестілеуден ғана өтеді.

  • – жастарды қолдау және оларға шығармашылықтарын дамытуға ықпал ету;
  • – дарынды жастарды анықтап, марапаттау;

Байқауға өтінім беру және қатысуға арналған Ереже қосымша беріледі.

  • Ұйымдастырушы: Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Театр өнері» факультеті.
  • Жауаптылар: Е.Нурсултан,  А.С.Рахимов
  • Байланыс телефондары: 8 727 / 272 99 04 (деканат)

                                             8 778 621 94 91 (М.Сарыбай)

Электронды мекен-жай:  teatroneri.fakultet@bk.ru

Приемная комиссия