Jabý
10.04.2020

Құрметті талапкерлер!

Қазіргі таңда әлем жұртшылығы сынақты күндерді басынан кешуде. Сындарлы мемлекеттер қатарындағы Қазақстанда осынау қиын-қыстау шақта халықтың денсаулығы мен мақсат-мүддесін қорғау үшін Төтенше жағдай жариялап, коронавирус пандемиясының алдын алу мақсатында жаппай карантин енгізді. Еліміздің барлық білім ордалары қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Індетпен ашық күрескен дәрігерлеріміз сияқты еңбек майданына араласқан оқытушы-ұстаздар да білім берудің жаңа технологияларын пайдаланып, студенттерді оқытудың жоғары сапасын бағындыруға бар қарым-қабілетін арнап жүр. Осы орайда, қазақ өнерінің қасиетті қара шаңырағы атанған Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында өз жұмысын қалтқысыз атқарып, жоспарлы түрде қызметін жалғастырып отыр.

Міне, соның айғағыретінде академиямызда дәстүрге айналған Ашық есік күндерін онлайн режимде өткізуді қолға алдық. Тікелей эфирде @kaznai_info парақшасы арқылы өтетін арнайы бағдарламаларымызға Сіздерді қатысуға шақырамыз. Тікелей эфир барысында өздеріңізді толғандырып жүрген барлық сұрақтарыңызды қойып, тиісті жауап аласыздар.

Биыл академия құрамындағы 6 факультет 17 білім беру бағдарламалары бойынша студенттер қабылдайды. Жыл сайын біздің өнер ошағын мемлекеттік тапсырыспен жоғары  білікті 300-ден астам  мамандар  бітіріп  шығады.

Қазіргі таңда барша қазақстандықтардың алдына нақты бағыттар мен айқын мақсаттар қойылып отыр. Мәңгілік Ел идеясын ұстана отырып, елімізді дүниежүзінің алдыңғы сапындағы мемлекеттердің қатарына қосу үшін  барлығымыз бірдей  еңбектенуге тиіспіз. Біздің Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының болашаққа арналған  стратегиялық жоспарлары осы идеяға негізделген.

Құрметті талапкерлер! Қазақ өнерін өркендетуге үлес қосқыңыз келсе біздің Академияның онлайн режимде өтетін ашық есік күндерінде күтеміз!

Факультет декандарының тікелей эфирге шығу күні мен уақыты төмендегідей:

20 сәуір, сағат 15:00-де «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің деканы Байділда Бауыржан Нұрбекұлы;

21 сәуір, сағат 15:00-де «Кино және ТД» факультетінің деканы Мурсалимова Гульнара Амангелдиновна;

22 сәуір, сағат 15:00-де «Театр өнері» факультетінің деканы Елік Нурсолтан;

23 сәуір, сағат 15:00-де «Музыкалық өнер» факультетінің деканы Мухитденова Бағым Мақсатқызы;

24 сәуір, сағат 15:00-де «Өнертану» факультетінің деканы Жақсылықова Меруерт Болатханқызы;

25 сәуір, сағат 15:00-де «Хореография» факультетінің деканы Сушков Дмитрий Валентинович.