Jabý
18.04.2020

 «Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы»

Республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ғылыми-зерттеу орталығы

Ғылыми-редакциялық бөлім

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы

Жыл сайынғы Ғылым апталығы аясындағы Қазақстанның шығармашылық ЖОО екінші курс магистранттары арасындағы

«Ұлттың мәдени капиталы» тақырыбындағы «Үздік постерлік баяндама – 2020» онлайн-конкурсын өткізу туралы ЕСЕБІ

Дайындаған ғылыми-редакциялық бөлім басшысы, өнертану кандидаты Д. Д. Уразымбетов 17 сәуір 2020 ж.


2020 жылдың 16 сәуір күні Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Ғылыми-редакциялық бөлімі» «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ғылыми-зерттеу орталығымен» бірлесе отырып, академияның жыл сайынғы Ғылым апталығында «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Ұлттың мәдени капиталы» тақырыбында Қазақстанның шығармашылық жоғары оқу орындарының екінші курс магистранттары арасындағы «Үздік постерлік баяндама – 2020» Республикалық ОНЛАЙН-КОНКУРСЫН өткізді.

2020 жылдың 31 наурыз күні ғылыми-редакциялық бөлімімен түрлі өнер бағыттары мен мамандықтары бойынша постерлік баяндама онлайн-конкурсына шақыру туралы ақпараттық хаты жасалып, жеті ЖОО-ға жіберілді:

  • 1) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы;
  • 2) Қазақ ұлттық хореография академиясы;
  • 3) Қазақ ұлттық өнер университеті;
  • 4) Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті;
  • 5) М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті;
  • 6) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
  • 7) «Тұран» университеті.

Ақпараттық хатта магистранттардан өтінім қабылдаудың аяқталу мерзімі 2020 жылдың 14 сәуір күні сағат 17:00 деп көрсетілді.

Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА дизайн кафедрасының меңгерушісі, PhD А. С. Наурызбаева конкурс афишасының дизайнын жасады. Конкурсты өткізу туралы ақпарат Академияның ресми сайтында орналастырылды:

Байқаудың мақсаты: WEBEX meeting онлайн-платформасында бітіруші курс магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысының инновациялық жетістіктерін көрсету.

Сайыс ашық түрде, бір турда өткізілді.

Конкурсқа төрт жоғары оқу орнының магистранттары қатысуға өтінім берді:

  • 1. Қазақ ұлттық хореография академиясы;
  • 2. Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
  • 3. «Тұран» университеті;
  • 4. Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Байқауға қатысқан магистранттардың жалпы саны: 15 адам.

Байқауға қатысушылардың тізімі, магистрлік диссертация тақырыптары, ғылыми жетекшілер:

Магистранттың аты-жөні Магистрлік диссертация тақырыбы Ғылыми жетекші
Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
6М041600 «Өнертану», өнертану
1 Хамраева Инна Дмитриевна Актуальные тенденции в развитии медиаискусства Алматы начала ХХI века Шкляева С. А, өнертану кандидаты, профессор
6М040400 «Дәстүрлі музыкалық өнер», дәстүрлі аспаптар
2 Дүйсенбекқызы Тоғжан Қылқобыз аспабындағы қазақ халық ән дәстүрінің транскрипциялық үрдісі Казыбекова Ж. А., өнертану кандидаты, аға оқытушы
6М041400 «Графика», станоктік графика
3 Қалшора Айжан Бақытқызы Техника монотипии как средство активизации креативного мышления (на примере работ художников-графиков) Шкляева С. А., өнертану кандидаты, профессор
6М040700 «Актерлік өнер», драма театр актері
4 Мұхамеджан Жанел Қанатқызы Қазақ қуыршақ театрларының бүгінгі бағыт-бағдары (2008–2018 жж.) Исламбаева З. У., өнертану кандидаты, доцент
6М040900 «Хореография», хореография педагогикасы
5 Ғали Айдана Қазбекқызы Қазақ биінің хореографиялық пән ретінде қалыптасуы мен дамуы Николаева Л. А., п. ғ. к., доцент
6 Тукеева Жанель Муратовна Концепт творческой личности Раушан Байсеитовой в контексте преемственности традиций в национальной хореографии Жуйкова Л. А., Өнертану кандидаты, профессор
6М041000 «Сценография», сән және костюм дизайны
7 Мамыт Айкерім Олегқызы Художественно-эстетические особенности костюма направления haute couture в творчестве современных казахстанских дизайнеров Володева Н. А., өнертану кандидаты, доцент
Қазақ ұлттық хореография академиясы
  6М040600 «Режиссура», хореография режиссурасы
8 Усина Гаухар Ельдосовна Деятельность режиссера-хореографа Е. А. Усина и его новаторские идеи в хореографическом искусстве Казахстана Саитова Г. Ю., өнертану кандидаты, профессор
6М040900 «Хореография», педагогика хореографии
9 Федосова Ирина Андреевна Проектирование профессиональной деятельности хореографа в условиях синтеза хореографического искусства и гимнастического спорта Кульбекова А. К., педагогикалық ғылымдар кандидаты, профессор
 «Тұран» университеті
  6М040600 «Режиссура»
10 Михайлова Кристина Сергеевна Особенности киноязыка кинематографа Азиатских стран в период метамодернизма Божеева А. М., «Өнертану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), доцент
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6М041600 «Өнертану», өнертану
11 Сывороткина Светлана Игоревна Художественно-образные особенности тенгрианского культурного кода в современном визуальном искусстве Казахстана Шайгозова Ж. Н., п. ғ. к., доцент
12 Қалжан Алмагүл Нұртөреқызы Сахналық гримм көркем өнердің ерекше түрі ретінде: Қазақстандық контекст Рысымбетов Е. Қ., PhD
13 Жансерик Рустем Бекжанұлы ХХ ғасыр басындағы қазақ музыка өнеріндегі этномәдени дәстүрлердің рөлі мен маңызы Акбаева Ш. Ә., п. ғ. к., доцент
14 Дарменшеев Ержан Амандыкович Қазақстан бейнелеу өнерінде музыкалық образдар Рабилова З. Ж., PhD
6М010770 «Бейнелеу өнері және сызу»
16 Михаэлис Елизавета Гарриевна Методические основы обучения актуальным арт-техникам в системе дополнительного художественного образования Ибрагимов А. И., п. ғ. к.

Конкурс 25.05.2017 ж. ректор бұйрығымен бекітілген екінші курс магистранттары арасында «Үздік постерлік баяндама» конкурсын өткізу Ережесіне сәйкес Webex meetings платформасында онлайн-форматта өтті.

Конкурстық комиссия ректор А. Ж. Абдуалиевтің 10.04.2020 ж. №01/04-59П бұйрығымен бекітілді:

Төрағасы:

Қ. З. Халықов — Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының докторы, профессор (Алматы қ.);

Мүшелері:

Г. Т. Джумасеитова — Қазақ ұлттық хореография академиясы «Өнертану және арт-менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, өнертану кандидаты, профессор (Нұр-сұлтан қ.);

Н. С. Тлеуханов — М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті (Орал қ.);

С. Д. Қабдиева — Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнерінің тарихы және теориясы» кафедрасының меңгерушісі, профессор, өнертану кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (Алматы қ.);

А. Е. Садыкова — Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты (Алматы қ.);

Хатшы:

М. С. Курманбаева — Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру» бөлімінің әдіскері (Алматы қ.).

Байқау модераторлары:

Д. Д. Уразымбетов — «Ғылыми-редакциялық бөлім» басшысы, өнертану кандидаты;

А. А. Кульшанова — «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ғылыми-зерттеу орталығының» басшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор.
Имиджевая статья профессора Кульшановой А.А.

Конкурстық комиссия қатысушыларды MS PowerPoint презентацияларымен бес минуттық қорғау кезінде төмендегі критерийлер бойынша бағалады:

  • Ғылыми жобаның өзектілігі;
  • Ғылыми жобаның ғылыми жетістіктерін бағалау;
  • Жұмыстың зерттеу сипаты, зерттеудің жаңалығы;
  • Алынған нәтижелердің ғылыми және практикалық маңыздылығы;
  • Технологиялылығы (зерттеу нәтижелерін оқу процесіне немесе өндіріске енгізу мүмкіндігі);
  • Баяндаманың көрнекілігі, ой-пікірдің мазмұндылығы мен мақсаттылығы, ойлау ерекшелігі;
  • Ауызша түсінік: мазмұнның қисындылығы мен айқындылығы, ойдың нақтылығы;
  • Қойылған сұрақтарға жауаптардың айқындылығы, арнайы терминологияны меңгеру деңгейі

Конкурстық комиссия шешімімен конкурс жеңімпаздары бір бірінші орын, екі екінші орын, үш үшінші орынмен марапатталды.

Қазақстанның шығармашылық жоғары оқу орындарының екінші курс магистранттары арасындағы «Үздік постерлік баяндама» Республикалық онлайн-конкурс жеңімпаздарының тізімі:

І ОРЫН:

«Тұран» университеті

  • Михайлова Кристина Сергеевна «Метамодернизм кезеңіндегі Азия елдерінің кинематографы киноязығының ерекшеліктері». Ғылыми жетекшісі: Божеева А. М., «Өнертану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), доцент.

II ОРЫН:

Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

  • Хамраева Инна Дмитриевна «Актуальные тенденции в развитии медиаискусства Алматы начала ХХI века». Ғылыми жетекшісі: Шкляева С. А., өнертану кандидаты, профессор.
  • Дүйсенбекқызы Тоғжан «Қылқобыз аспабындағы қазақ халық ән дәстүрінің транскрипциялық үрдісі». Ғылыми жетекшісі: Казыбекова Ж. А., өнертану кандидаты, аға оқытушы

III ОРЫН:

Қазақ ұлттық хореография академиясы

  • Федосова Ирина Андреевна «Проектирование профессиональной деятельности хореографа в условиях синтеза хореографического искусства и гимнастического спорта».  Ғылыми жетекшісі: Кульбекова А. К., педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

  • Қалшора Айжан Бақытқызы «Техника монотипии как средство активизации креативного мышления (на примере работ художников-графиков)». Ғылыми жетекшісі: Шкляева С. А., өнертану кандидаты, профессор.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

  • Михаэлис Елизавета Гарриевна «Методические основы обучения актуальным арт-техникам в системе дополнительного художественного образования». Ғылыми жетекшісі: Ибрагимов А. Т., п. ғ. к.

Конкурстың барлық қатысушыларына қатысқаны үшін дипломдар, ал жеңімпаздарға — ғылыми жетекшісі көрсетілген лауреаттардың дипломдары беріледі.

Магистранттардың іс-шара туралы пікірлері:

Усина Гаухар:

Спасибо большое

Поздравляю магистрантов с заслуженными местами

Удачи на защите (Казахская национальная академия Хореографии г.Нур-Султан)

Хамраева Инна:

Ура! Спасибо большое организаторам!

Очень рада была послушать такие интересные исследования! (Казахская национальная академия искусств имени Т.К.Жургенова)

Федосова Ирина:

Большое спасибо организаторам конкурса и уважаемым членам комиссии!

Поздравляю всех магистрантов, желаю отличной зашиты магистерских диссертаций (Казахская национальная академия Хореографии г.Нур-Султан)

Тогжан Алиева:

Бәріңізге үлкен рахмет. Қатысқаныма өте қуаныштымын

Дарменшеев Ержан:

Әділ қазы мүшелеріне және ұйымдастырушыларға үлкен рақмет

Жүлделі болған магистрант-жолдастарға алған орындарыңыз құтты болсын деймін (Абай атындағы Қазақ педагогикалық Университеті)

Мамыт Айкерім:

Спасибо организаторам конкурса и членам жюри! Успехов и удачи! Желаю побыстрее выйти из ЧП и победить эту пандемию! Будьте здоровы! (Казахская национальная академия искусств имени Т.К.Жургенова)

Комиссия мүшелерінің пікірлері:

Сәния Дүйсенханқызы Қабдиева: Спасибо организаторам!

Гүлнар Тазабекқызы Жұмасеитова: Вам всем спасибо за организацию мероприятия и интересные доклады. Есть понимание уровня магистрантов творч. специальностей. Всем удачи! И берегите себя

17 сәуір 2020 жыл