Закрыть
24.07.2020

Профессор-оқытушы конкурс!

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Кафедра атауыКафедра меңгерушісіПрофессорДоцентАға оқытушыОқытушы
Сахна тілі2 (сахна тілінің техникасы)
Музыкалық театр1 (фортепиано)1 (актердің ролмен жұмысы)
Сценография1 (спектакльдің сыртқы формасы)
Дәстүрлі музыкалық өнер2 (1-жетіген, 1-домбра)
Эстрадалық вокал1 (МҒЗЖ)
Экрандық өнер режиссурасы1 (режиссура негіздері)1 (анимация техникасы)
Дыбыс режиссурасы және операторлық өнер1 (кинооператор. шеберлік негіздері)
Арт-менеджмент және продюсерлеу1 (маркетинг, бизнес жоспарлау)
Театр өнерінің тарихы мен теориясы1 (әлем. театр. тарихы, театр.костюм. тарихы)
Кино тарихы мен теориясы1 (киносценарий мен пьса жазу әдістемесі (ағылш.тіл.)
Дизайн1 (сәулет.дизайн)1 (өнеркәс. дизайн)
Компьютерлік технологиялар2 (комп.графика)

Профессор–оқытушы құрамының лауазымдарына орналасуға арналған конкурс ҚР МСМ «Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ Ғылыми кеңесінің 2020 жылғы 27 ақпандағы (№7-хаттама) шешімімен бекітілген   ҚР МСМ «Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ профессор-оқытушы құрамының лауазымдарына конкурстық орналасу туралы ережеге сәйкес жүргізіледі.

Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессор-оқытушы құрамының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:

  1. Кафедра меңгерушісінде  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 7 жыл, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары, білім менеджменті бойынша  біліктілікті арттыру  курстарынан өту туралы сертификаттың (куәлік) болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  2. Профессорда жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе  профессор/қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 10 жыл, соның ішінде доцент лауазымында  кемінде 5 жыл,  оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  3. Доцентте жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе  қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы және/немесе  Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 7 жыл, соның ішінде аға оқытушы лауазымында  кемінде 5 жыл, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  4. Аға оқытушыда  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, соның ішінде оқытушы лауазымында  кемінде 3 жыл немесе кафедраның тиісті бейінінің мамандығы бойынша тәжірибелік (шығармашылық) жұмыс  өтілі кемінде 7 жыл және/немесе ғылыми дәрежесі және/немесе  Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  5. Оқытушыда  кафедраның тиісті бейінінің мамандығы бойынша жұмыс  өтілі кемінде 3 жыл  болған жоғары білімі және/немесе магистр академиялық дәрежесі, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.

Доцент, профессор лауазымдарына орналастыру бойынша конкурсқа мамандығына сәйкес ғылыми атағы және ғылыми дәрежесі жоқ, бірақ мамандығы бойынша үлкен тәжірибелік жұмысы бар және танылған, мойындалған жетістіктері бар мамандар жіберіледі.

Бұрын ғылыми-педагогикалық қызметпен айналыспаған адамдар «Жоғары мектеп педагогикасы» пәні бойынша  кемінде 72 (жетпіс екі) сағат көлемінде  біліктілікті арттыру курстарынан өту керек.

Конкурсқа қатысушының білімі, ғылыми және академиялық дәрежесі, жұмыс өтілі кафедраның бағдарына сәйкес келуі міндетті.

Артықшылықтар ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы және/немесе құрмет атағы (ҚР мемлекеттік марапаттары) барларға, ағылшын тілін меңгергендерге, алыс шетел университеттерінде оқытушылық тәжірибесі барларға, оқытудың кредиттік жүйесі бойынша жұмыс негіздерін меңгергендерге беріледі.

Конкурсқа қатысқысы келетін тұлғалар Академия ректорының атына өтініш береді. Өтінішке төмендегі құжаттар қоса тіркеледі:

  1. форматы 3×4 суреті бар мамандарды есепке алу бойынша жеке парақ;
  2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі (3 дана) және салыстыру үшін түпнұсқасы;
  3. барлық қажетті  мәліметтер толық жазылған өмірбаян;
  4. жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  5. қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  6. еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
  7. уәкілетті  тұлғаның қолы мен ұйымның мөрі қойылған,  конкурсқа қатысушының соңғы жұмыс орнымен расталаған  ғылыми, оқу-әдістемелік және шығармашылық жұмыстарының тізімі;
  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру кезінде бір жылдан ерте емес жасалған флюорографиялық түсіріммен жеке медициналық кітапша, 2015 жылғы 24 ақпандағы № 126 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 10638  тіркелген);
  9. 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
  10. 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
  1. силлабус.

            Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.

            Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: 050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі 127, № 2 кабинет  (Қызметкерлерді құжаттау және тіркеу қызметі).

Құжаттар 2020 жылдың 25 тамызына дейін өткізілуі керек.

Анықтама телефоны: 8 /727/272-97-85, 8-747-562-59-67