• 29.03.2024

С Ү Й І Н Ш І !

Авторkaznai

Сен 17, 2021

Т.Қ. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы, «Кино және теледидар» факультетінің 1-курс магистранты Рахым Самғарұлын, «Көркем фильм режиссурасы» мамандығының 5-курс студенті Рүстем Дастанұлын «Байқоңыр» фильм фестивалінде жеңіске жетулерімен құттықтаймыз!

2021 жылдың 12 қыркүйек күні VI Baiqonyr International Short Film Festival жеңімпаздарын жариялады. Фестиваль қорытындысы бойынша, “Микеланджело из Тараза” фильмімен Рүстем Дастанұлы “Үздік деректі фильм”, Рахым Самғарұлы “Ең үздік монтаж” номинацияларымен марапатталды.

Baiqonyr ISFF – Қазақстандағы алғашқы Халықаралық қысқаметражды фильмдер кинофестивалі. Биыл алтыншы рет өткізіліп отыр. Шетелдік және отандық кинематографистер тарапынан фестиваль бағдарламасына қатысу үшін 180 жұмыс ұсынылып, оның ішінде 23 фильм ұлттық байқаудың, 13 фильм халықаралық байқаудың қатысушылары құрамынан іріктеліп алынды.

Айта кетейік, еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты фестиваль 8-12 қыркүйек аралығында Алматыда, Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында жабық форматта өткен.

Әуесқой режиссерларға мүмкіндік беретін бұл фестивальдің қазақ киносының дамуына қосар үлесі мол. Алдағы уақытта жас мамандарымызға сәттілік тілей отырып, әлемдік озық туындыларды әкеледі деген үлкен сенім білдіреміз.

Жарайсың

Приемная комиссия