• 29.03.2024

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Театр өнері факультеті, «Музыкалық театр әртісі» мамандығының 3-курс студенті Нысанбай Бағдатты Республикалық патриоттық әндер байқауында І орынды иеленуімен құттықтаймыз!


Байқау Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Кіші Фараби академиясының» ұйымдастыруымен өтті. Бағдат «Жерім менің» әнін орындап, комиссияның шешімімен 1-орынға лайық деп танылды. Жетекшісі: Сапарғалиева Гүлдана, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.


Студентімізге алдағы белестерге жеткізер мүмкіндіктер тілейміз. Жеңісті күндер көп болсын!
#Жарайсың

Приемная комиссия