⠀ Бүкіл әлемде аталып өтетін дәстүрлі мерекеге орай, Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА азаматтық қорғаныс бөлімінің ұйымдастыруымен студенттер арасында тактикалық арнайы оқу, объектілі және сейсмикалық жаттығулар өткізілді.
⠀Азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауға мән берілген шарада төтенше жағдайлардың туындау сатысының жалпы түсінігімен және олардың түрлерімен таныстырды.
⠀Нәтижесінде азаматтық қорғаныстың жай-күйі талқыланып, қатысушылар теориялық білім мен өзін-өзі қорғаудың практикалық дағдыларын алды.
![](http://kaznai.kz/wp-content/uploads/2022/03/936AD55A-FC5C-4FA7-ABE3-486C10B7A71B-1024x683.jpeg)
⠀#ДүниежүзілікАзаматтықҚорғанысКүні
#ЖүргеновАкадемиясы