«Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 Қаулысының 24-тармағына сәйкес 2022-2023 оқу жылының білім алу үдерісінде /магистратура/ босаған бюджеттік бос орындарды беру тәртібі бойынша конкурс жарияланады

Дайындық бағытыКурсБосаған бюджеттік орын саны
17М021-Өнер11

Конкурстық негізде босаған бюджеттік орындарға ақылы негізден ауысу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

 1) ақылы негізде білім алушы ректордың атына алдағы уақытта бюджеттік негізде  оқуға өтініш береді. Өтінішке жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, транскрипт қоса тіркеледі; 

 2) конкурс үлгерімнің GPA орташа балы негізінде аралық аттестаттаудың нәтижесі бойынша өткізіледі.

Үлгерімнің GPA орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- («үздік»), одан соң А, А- («үздік»), В+, В, В-, С+ («жақсы») бағалары бар, білім алушылар басым құқыққа ие болады.