Ә.Қастеевтің 120 жылдығына арналған «Мұрагер» атты студенттер мен магистранттардың шығармашылық көрмесі
БАСПАСӨЗ –ХАБАРЛАМА
2024 жылдың 05 сәуір, сағат 15:00-де Алматы музейінде өтетін Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына арналған Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясынның «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті студенттері мен магистранттарының бірлескен «Мұрагер» атты шығармашылық көрмесінің ашылымына шақырамыз!
Өнері өміршең, табиғаты өзгеше жаратылған біртуар тұлға Ә.Қастеев артынан өшпес мұра қалдырған шебер суретші. Ұлттық ойлау жүйесінің тарихи жаратылысын танып білуде Ә.Қастеев өнерін еске алмай кетуге болмайды. Өйткені бұл өнер Қазақ бейнелеу өнерінің кәсіби бастауы болып табылады.
Бүгін де сол көркем мәдени мектептің қалыптасып дамуына үлес қосқан Отандық бейнелеу өнеріндегі жарқын тұлғалардың шеберханаларынан дәріс алған шәкірттеріміз өнерге өз қадамдарымен аяқ басуда. Олар жаңа заман өнерінің бет-бейнесін қалыптастырушы жас буын өкілдері, Ұлттық мектептің жас мұрагерлері болып табылады.
Аталмыш көрмеде кескіндеме, графика, мүсін, көркем витраж және сәндік-қолданбалы өнер түрлерінде орындалған жас суретшілеріміздің үздік деп танылған шығармалары көрермен назарына ұсынылады. Бүгінгі көрмеміздің сан-алуан тақырыпта орындалған көркем бейнелі шығармалары өнер сүйер қауымға көркем туындылардың мазмұнын терең бойлап, қабылдауды үйретіп қана қоймай, сәндік-қолданбалы өнеріміздің өзіндік ерекшеліктерін жете түсінуге де жетелейді.
«Өнертану» факультеті,
«Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының
аға оқытушысы, өнертанушы Кенжебаева Л.А.
- Өтетін орны: Алматы музейі (Қабанбай батыр к-сі, 132)
- Өтетін уақыты: 05 сәуір 2024 ж. сағат 15:00
- Көрмені тамашалауға баршаңызды шақырамыз!
- Көрме 2024 жылдың 05-ші— 14-ші сәуір аралығында өтеді.