• 23.12.2024

Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Туған ел» атты жеке көрмесі өтті.

Авторkaznai

Сен 15, 2022

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Mondial Art Paris» академиясының академигі, Қазақстан көркемсурет академиясының академигі, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің деканы, білікті ұстаз, қылқалам шебері Бауыржан Нұрбекұлының 60 жасқа толу мерейтойына орай Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Туған ел» атты жеке көрмесі өтті.

Көрмедегі көзге түсетін ерекше туындылардың бір қатары қатынастық тұлғалы портреттер. Олар: Т. Жүргенов, Б. Момышұлы, А.Әшімов, Н. Нүсіпжанов белгі суретшілер Х. Наурызбаев, М. Кенбаев, Қ. Телжанов, Е. Сергебаев және т.б. Суретшілерге арналған портреттерде кейіпкерлердің қолтаңбасын айшықтайтын артқы фондармен үйлестірген. Бейнелеу өнері саласын өркендетіп, елеулі үлес қосып келе жатқан Бауыржан Нұрбекұлының «Жолаушы», «Үшқоңыр» туындылары алыс шетелдерге асып қазақ жерінің табиғатын өзгелерге таныстырып, танытты. Портрет жанрындағы Д.Жолжақсыновтың «Біржан Сал» рөліндегі портрет, шығармашылығындағы тағы бір басқаша қыры. Сонымен қатар  «Көкпар», «Кактығыс», «Қыз Жібек» графикалық туындылары да  көпшілікке таныс.

Өз халқы мен тарихына, ұлттық пәлсапасына деген қызығушылық, суретшіні үнемі көркем туындылар арқылы осы бір ұлттық тереңдікті суреттеуге ұмтылдырып тұрады десек артық емес.

«Туған ел» көрмесі Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде қазан айының он екісіне дейін жалғасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия