25 сәуір күні дарынды талапкерлерге арналған «Дарынды сценограф» атты IV республикалық байқау өтті. Бұл байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген үміткерлер қатысты.
Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын мұқият қарап, Умарова Алина ұсынған «Ұмай» атты ежелгі түркі мифологиясына арналған жобаны жеңімпаз деп таныды.
Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен шабыт тілейміз!

