• 30.06.2024

Келелі кездесу

Авторkaznai

Май 30, 2024

Темірбек Жүргенов атындағы академия ректоры Арман Жүдебаев Иран Ислам Республикасының Алматыдағы Бас консуды Мохсен Фаганимен және Иранның мәдени орталығының басшысы Агазаде Хоссейнмен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесу барысында заманауи мәдениет және өнер бағытындағы жаңа тенденциялар талқыланып, дәстүр құндылықтарын сақтау және насихаттау жөнінде сөз қозғалды.

Сондай-ақ, білім беру бағдарламалары бойынша өзара тәжірибе алмасуға, мәдени байланысты нығайтуға және халықаралық деңгейдегі ірі жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құжат жобасын әзірлеу тіралы  келісімге қол жеткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия