2024 жылдың ақпан айының 13 жұлдызында Медиажурналистика мамандығының 1 курс студенттері алғаш рет сахна тілі пәнінің жетекшісі Баян Даулетқызының бастауымен “Махаббат па?” атты композициялық кеш өткізді. Кеште студенттер Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік ақындардың ерекше сезім — махаббат жайында жырларын оқып, композиция қоюмен қатар авторлық өлеңдерін де оқыды.