• 22.12.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың эксклюзивті сұхбаты

Авторkaznai

Фев 1, 2022

29 қаңтар күні «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың эксклюзивті сұхбаты көрсетіліп, көкейдегі көп сұраққа жауап алдық. 

Сұхбат барысында Қ.К. Тоқаев қоғамды алаңдатқан «қасіретті қаңтар» оқиғасына тоқталып, ескертусіз ату туралы бұйрық, ақпараттық блокаданың себебі, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, елдің даму болашағы туралы өзекті сұрақтарға жауап берді. Реформалар тек адамдарды өзгертумен ғана шектелмейтінін, реформалар ең алдымен жүйедегі өзгерістер екенін айтты. Қазір енді екі жақты бірлесе отырып, саясатта да, экономикада да реформалар жүргізу керектігін, бұрынғыдай бірінші кезекте экономика, одан кейін саясат тақырыбы түбегейлі өзгеретіндігін баса айтты. 

Сонымен қатар, Президент алға қойған басым міндеттерге тоқталды. Олардың қатарында: жастарды жұмыспен, баспанамен қамту, білім беру, өмірге бейімдеу, жастар кәсіпкерлігін дамыту, жас ғалымдарды қолдау шаралары бар. Себебі, еліміздің 40% өкілін жастар құрайды.
Одан бөлек, ел арасында желдей есіп жүрген қаңқу сөздерге қатысты пікір білдірді. Өз сөзінде: «Менің Президент ретіндегі миссиям — бүкіл жүйені және экономиканы өзгертуде оң нәтижелерге қол жеткізу», — деді Қ.К. Тоқаев.

Құрметпен, Жұмақын Қайрамбаев — Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

Приемная комиссия