2025 жылдың 17 сәуірінде Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері Мүгедек балалардың ата-аналары қауымдастығында (АРДИ) өткізген Наурыз мерекесіне қатысты.Бұл шара Академия мен АРДИ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумның арқасында орын алды.
Наурыз мейрамында театр факультетінің «Актер өнері» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері (көркемдік жетекшісі Е.С. Нұртазин) үлкен табыспен өнер көрсетті. Студенттік хор «16 қыз» және «Гүл Алматым» әндерін орындады, сонымен қатар « Роза Рымбаева «Наурыз» әнімен деген сахналық қойылым орындалды. «Дәстүрлі музыка өнері» кафедрасының студенттері Асылхан Еркебұлан, Азамат Мағмуров, Ақлепес Олжас жеке нөмірлер мен күй тартыстарын орындады. «Хореография педагогикасы» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Абдешева Айгерім «Кербез ару» биін орындады.
«Шеберлер қаласы» алаңында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледж оқытушысы Айгүл Қырықбаева өрнекті шым-шы кілемшелерді жасау бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Сонымен бірге «Сәндік-қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері» мамандығы бойынша мектеп-интернат пен колледж студенттерінің жұмыстарының көрмесін ұсынылды. Студенттеріміздің жұмыстары көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

