• 21.11.2024

«Өнер белестері» атты топтық шығармашылық көрменің ашылу салтанаты өтті.

Авторkaznai

Фев 22, 2022

22 ақпан күні Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Өнер белестері» атты топтық шығармашылық көрменің ашылу салтанаты өтті. Көрме «Кесіндеме, мүсін және дизайн» факультеті, «Көркемсурет» кафедрасының  профессоры Қанат Тоқтарұлы Шүкірбеков, доцент Төлеген Орынбасарұлы Сүлейменов, аға оқытушылар Сағындық Кенесұлы Ахметов пен Мұрат Әділханұлы Тохсанбаевтың мерейтойларына арналған.

Шараның ашылу салтанатында сөз алған «Кесіндеме, мүсін және дизайн факультетінің деканы Бауыржан Байділдә: — «Белді ұстаздарымыздың әрбіріне жеке дара көрме ұйымдастыруға болар еді. Жоспарланған көрме пандемия кезіне сай келіп, атқарылмады. Алайда, ештен кеш жақсы. Қайта студенттеріміз офлайн оқуға шығып, бүгінгі өздерінің ұстаздарының еңбектерін көріп, үлкен шабыт алары анық. Болашақта ұстаздарымыздың персоналды көрмелерінде еңбектерімен толыққанды танысуға мүмкіндік босын деп тілеймін»,- дей келе, көрменің ашылуымен құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді. 

Құттықтаудан соң суретшілер сөз алып, көрмеге тек өздеріне ғана тән жеке таңдалып алынған шығармашылықтарын алып келгендерін айтты. Көпшілік назарына ұсынылған еңбектерінде негізінен ұлы тұлғалар, өмірдегі адамдар, натюрморт, табиғат аясы белгіленген. Ұсынылған картиналардан әр суретшінің шеберлігін, өзіне тән қолтаңбалық ерекшелігін, стилін айқын байқауға болады.

Приемная комиссия