Бүгін 04-наурыз күні
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында жоспарлы сейсможаттығу өткізілді.
Жаттығуда азаматтық қорғанысқа, қауіпсіздікке, болуы мүмкін қауіп-қатерлер туралы мәлімет алуға, қауіп-қатерлер орын алған жағдайда оның зардаптарынан және басқа да төтенше жағдайлардан қорғануға байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жаттығудың келесі кезеңі төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған тәжірибелік іс-шаралармен ұласты.



