Jabý
21.11.2020

«Халықаралық студенттік шығармашылық онлайн конкурсы» өтеді.

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Халықаралық студенттік шығармашылық онлайн конкурсы» өтеді.


Ашылу салтанатының уақыты: 25 қараша күні, сағат 10:00-де.

Ұлы ақын, философ, саяси қайраткер, ағартушы, композитор Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына  арналған «Uly dala tulgasy» атты Халықаралық онлайн конкурске ҚР жоғары оқу орындары мен шетелдік ЖОО-ның «Кескіндеме», «Графика», «Мүсін»  мамандықтары бойынша (әрбір мамандықтан бір-бір) студенттен қатыса алады.

Конкурс-пленэрдің нәтижесі бойынша қатысушылар келесі деңгеймен марапатталады:
• Гран-При – дипломы – 1 студент
• І дәрежелі диплом – 1 студент
• ІІ дәрежелі диплом – 2 студент
• ІІІ дәрежелі диплом – 3 студент

Номинациялар:
• Ең үздік композициялық шешім – 1 студент;
• Ең үздік колористік шешім – 1 студент;
• Ең үздік авторлық қолтаңба – 1 студент
• Көрермен көзайымы
❕Қалған барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Студенттер ұлы ақынның портреттік тұлғасын сомдауы, ақынның өмірбаянын, мұрасын (өлеңдер, поэмалар, қара сөздер, аудармалар), және т.б материалдарды негізге ала отырып конкурс талабына сай суреттер салуы керек.