«Музыкалық өнер» факультеті, «Эстрадалық оркестр аспаптары» кафедрасының 4-курс студенті Айкүміс Ахметованы Халықаралық «Петербургская весна» байқауында ІІІ орынды иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Байқау 5-9 наурыз аралығында Санкт-Петербург қаласында өткен. Студентіміз жүлделі орынды «Саксофон» номинациясы бойынша иеленген. Жетекшісі: Асель Оренбургская, оқытушы.
Алдағы уақытта шығармашылықта тек қана сәттілік тілейміз! Тағы да құтты болсын!
