18.06.2024 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры  Арман Әділханұлы Жүдебаев мен Мектеп-интернат және колледж басшысы Нұрбақыт Әбдіғалиұлы Бөкебаев Академияға қарасты Колледждің  түлектеріне  салтанатты түрде дипломдарын табыстады.

Биыл колледж  аяқтап, өмірлік жолға қанат қағып жатқан тулек саны — 138. Оның ішінде 28 бала қызыл диплом иегері атанды.