Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның 2019-2020 оқу жылы ақылы білім алушылардың оқу төлем ақысы туралы мәселе Ғылыми кеңес мүшелерімен талқыланды. — КАЗАХСКАЯ НАЦИОНАЛЬНАЯ АКАДЕМИЯ ИСКУССТВ ИМЕНИ ТЕМИРБЕКА ЖУРГЕНОВА
kz ru en

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Т.Қ. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық Өнер академиясы ғылыми кеңес мӘжілісінЕН

КӨШІРМЕ

(Хаттама № 8)

«31» наурыз 2020 жыл                                                           Алматы қаласы

Төраға, ректор – А. Ж. Абдуалиев

Ғалым хатшы – Қ.С. Оразқұлова

Қатысқандар: келу парағы бойынша 37, соның 24-і қатысты.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ

ТЫҢДАЛДЫ: Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның 2019-2020 оқу жылы ақылы білім алушылардың оқу төлем ақысын қарастыру туралы.

Коронавирус пандемиясынан туған төтенше жағдайға байланысты  Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның 2019-2020 оқу жылы ақылы білім алушылардың оқу төлем ақысы туралы мәселе Ғылыми кеңес мүшелерімен талқыланды. Осының негізінде

ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫ:

Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сы 2019-2020 жылғы оқу жылының колледжі 1 және 2 курс студенттерінің оқу ақысын төлем мерзімі 20.08.2020 ж. созылсын. Оқу ақысы төлем мерзімінің өзгергені жайында ата-аналарға хабарлама жасалсын. Жауапты: мектеп-колледж директоры              З. Ж. Жумахметова. Орындалу мерзімі: 10.04.2020 ж.;

Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сы 2019-2020 жылғы оқу жылының колледж бітіруші 3 курс студенттерінің оқу ақысын төлем мерзімі 10.06.2020 ж. созылсын. Оқу ақысы төлем мерзімінің өзгергені жайында ата-аналарға хабарлама жасалсын. Жауапты: мектеп-колледж директоры                   З. Ж. Жумахметова. Орындалу мерзімі: 10.04.2020 ж.;

Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сы 2019-2020 жылғы оқу жылының 1, 2, 3 және 4 курс бакалавр студенттерінің оқу ақысы төлем мерзімі 20.08.2020 ж. созылсын. Оқу ақысы төлем мерзімінің өзгергені жайында ата-аналарға хабарлама жасалсын. Жауапты: кафедра меңгерушілері, факультет декандары мен оқу бөлімінің басшысы. Орындалу мерзімі: 10.04.2020 ж.;

Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сы 2019-2020 жылғы оқу жылының бітіруші 4 және 5 курс студенттерінің оқу ақысы төлем мерзімі 20.06.2020 ж. созылсын. Оқу ақысы төлем мерзімінің өзгергені жайында ата-аналарға хабарлама жасалсын. Жауапты: кафедра меңгерушілері, факультет декандары мен оқу бөлімінің басшысы. Орындалу мерзімі: 10.04.2020 ж.;

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 2019-2020 жылғы оқу жылының бакалавр (1, 2, 3, 4 курс), магистратура (1 курс) және колледждің (1, 2 курс) ақылы негізде оқитын білім алушыларына оқу ақысын төлем мерзімі 20.08.2020 ж. дейін созылады. Бітіруші білім алушылар оқу ақысын төлем мерзімі колледждің 3 курс студенттері  10.06.2020 ж., бакалаврдың 4, 5 курс студенттері, магистратураның 2 курс магистрлеріне 20.06.2020 ж. дейін созылғаны туралы Білім беру қызметін көрсету шартының 3 бөлімі, 11 тармағына өзгерістер енгізу жұмыстары Заң бөліміне тапсырылсын. Орындалу мерзімі: 30.04.2020 ж.;

Төтенше жағдайға байланысты білім алушылардың жолына кеткен ақысына көмек ретінде Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сы 2019-2020 жылғы оқу жылының бакалавр, магистратура және колледждің ақылы негізде білім алушы студенттердің оқу төлем ақысынынан 10 000 (он мың) теңгеге қысқартылсын;

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 2019-2020 жылғы оқу жылының оқу ақысының 10 000 (он мың) теңгеге қысқартылғандығы туралы Білім беру қызметін көрсету шартының 3 бөлімі, 11 тармағына өзгерістер енгізу жұмыстары Заң бөліміне тапсырылсын. Орындалу мерзімі: 30.04.2020 ж.

Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның 2019-2020 оқу жылы колледждің және академияның білім алушылары төтенше жағдайға байланысты карантин уақытында жатақхананы пайдаланбағандықтан, осы айлардың жатақханаға төленетін төлем ақысы 2020-2021 оқу жылының жатақханаға төленетін төлем ақысы есебінен қысқартылсын;

Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның 2019-2020 оқу жылы мектеп-интернат оқушыларының тамағына бөлінген төлем ақысы төтенше жағдайға байланысты карантин уақытында пайдаланбағандықтан, 2020-2021 оқу жылының тамағына бөлінген төлем ақысы есебінен қысқартылсын.

Ғылыми кеңес төрағасы                                                     А. Ж. Абдуалиев

Ғалым хатшы                                                                        Қ.С. Оразқұлова

Приемная комиссия