• 28.03.2024

«Тәуелсіздік кемесінде»

Авторkaznai

Дек 12, 2021

Қарашаның 10-ы күні Нұрсұлтан Назарбаев қорында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік кемесінде» атты шығармашылық көрменің ашылу салтанаты өтті. 

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен ұйымдастырылған көрмеге колледж студенттері, түлектері мен оқытушыларының кескіндеме, мүсін, графика, дизайн және сәндік-қолданбалы өнер саласындағы 30х30 өлшемді 100-ден астам бірегей туындылары қойылды. Қолөнер шеберлері Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен өнерін, бүкіл кең байтақ Отанымыздың әсем табиғатын, қала пейзаждарын қылқаламмен жеткізуге тырысқан. Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай беруіне деген ыстық ықыласты да осы көрме арқылы көруге болады. 

Шараға Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Абзал Қуанышұлы, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Алматы қаласындағы Өкілдігі жобаларының бас координаторы Гульнара Ершиманова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық өнертанушылар ассоциациасының мүшесі, профессор Байтұрсын Өмірбеков, Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нүркен Бекботаев, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының Вице-ПрезидентіСеркан Аязбаев, Ә.Қастеев атындағы МӨМ директорының көрме қызметі және сыртқы байланыс жөніндегі орынбасары Алтынжан Хожамуратова, «Қазақстан Республикасының көркем академиясы» президенті, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Амандос Ақанаев, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының аға оқытушысы, өнертану магистрі, өнертанушыЗухра Ыдырыс, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің деканы Бауыржан Байділдә, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Жұмақын Қайранбаев, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мектеп-интернат, колледж басшысы, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері Зура Жұмахметова қатысты.

Көрмеге мұрындық болған Зура Жұмахметованың айтуынша, үш буынды біріктірген бүгінгі көрме – студенттер үшін үлкен мотивация.

«Үлкен тарихы бар Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы еліміздің мәдениеті мен өнерін қалыптастыруда, дамытуда және оны әлемдік аренада танытуда қаншама мамандар даярлап, жемісті еңбек етіп келеді. Өнер академиясы тәуелсіз еліміздің алдына қойған биік мақсаттарын іске асыруда өзінің мияссиясын абыроймен орындап келе жатқаны сөзсіз. Бүгінгі көрме соның дәлелі», – дейді Ә.Қастеев атындағы МӨМ директорының көрме қызметі және сыртқы байланыс жөніндегі орынбасары Алтынжан Хожамуратова.

Айта кетейік, көрме 2022 жылдың 30 қаңтарына дейін жалғасады.

Приемная комиссия