• 29.03.2024

«Бас болмақ оңай, бастамақ қиын»

Авторkaznai

Янв 24, 2022

11 қаңтар күні Ақордада өткен кеңейтілген Президент отырысын тікелей эфирден көріп, көңілге көп жай түйдік. Байқағандарыңыздай, елімізде дамудың жаңа кезеңі басталды. Ұлтымызда «Бас болмақ оңай, бастамақ қиын» деген сөз бар. Бұл орайда еліміз осы бір ауыр кезеңде нақты әрі батыл іс-әрекетке бара алатын басшысына үлкен сенім артып отыр. Осындай күрмеуі қиын күрделі кезде халықты ауызбіршілік пен татулыққа жұмылдырып, мемлекетіміздің жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне мүмкіндік беретін қажетті қадамдар нақты белгіленді. Президент еліміздің алдында тұрған басты міндеттің бірі – саналы, білімді, ақыл-парасаты мол, мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу екендігін ерекше атап өткен болатын. Оны жүзеге асыру үшін Үкіметке білім гранттарының санын көбейту, елімізде шет елдің озық университеттерінің филиалдарын ашу тәрізді тапсырмалар берді. Бұл бәсекелестікті арттыруға, сапалы маман даярлауға үлкен септігін тигізеді. Қазіргідей аумалы-төкпелі заманда жастарымызға кез келген өзгеріске даяр болу, үнемі ізденісте жүру, өзін-өзі жетілдіру өте маңызды.

Құрметпен, Аман Құлбаев – Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, өнертану кандидаты

Приемная комиссия