• 28.09.2022

ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамы үшін плагиаттың алдын алу туралы тренинг-вебинар

Авторkaznai

Қыр 20, 2022

 «Студенттік және ғылыми жұмыста плагиаттың алдын алу, практикалық мысалдар мен кеңестер» тақырыбындағы тренинг-вебинар

Академияның оқытушылар құрамы 20 қыркүйекте Plagiat.pl компаниясының атқарушы директоры Али Тахмазовтың және Қазақстандық кеңсе командасы мүшелері өткізген ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамынаарналған тренинг-вебинарға қатысты.

Вебинарда берілген ақпарат:

  • 1. Ұқсастық есебін түсіндіру;
  • 2. Ғылыми және студенттік жұмыстарды бағалау әдіснамасы;
  • 3. Деректер базасы;
  • 4. Тапсырманың функционалдығы және Кросс-тексеру;
  • 5. Плагиат модулі қалай жұмыс істейді;
  • 6. ЕО елдерінде қолданылатын студенттердің жұмысын тексеру практикасы мен процедурасы;
  • 7. Жеке тексерулер: жүйеде қалай тіркелу және сайтта өз жұмысыңызды жеке тексеру туралы ақпарат.

StrikePlagiarism.com өкілдері құжаттарды плагиатқа тексеру кезінде құжат сайттың дерекқорына пайдалану үшін қосылмайтындығын мәлімдеді. Сайт бағдарламасы 100-ден астам тілде, соның ішінде қазақ тілінде де аударма ұқсастықтарын іздей алады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия