Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру бөлімі
Біздің қызметтеріміз:
Курстар
«Күміс университет»
Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру бөлімі академияның біліктілікті арттыру және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім тыңдаушыларының біліктілігін арттыру білім беру ұйымдарымен, сондай-ақ басқа да жеке және заңды тұлғалармен жасалатын өтінімдер мен шарттар негізінде жүзеге асырылады.
Бөлімнің негізгі мақсаттары:
Мәдениет және өнер саласындағы мамандардың, оқытушылардың және басқару кадрларының теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіру.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
- — ғылымның жаңа жетістіктерін ескере отырып, тыңдаушылардың тиісті пәндер бойынша білімдерін тереңдету;
- — оқытушылардың кәсіби және педагогикалық шеберлігін арттыру;
- — кәсіби білім берудің оқыту әдістемелері мен инновациялық технологияларын жинақтау және әзірлеу, осы негізде мамандарды даярлау сапасын жетілдіру;
- — ЖОО бейіні бойынша жақын және алыс шетелдердің әртүрлі санаттағы азаматтары мен білім беру қызметінің басқа да субъектілеріне қосымша білім беру қызметтерін ұсыну;
- — біліктілік деңгейіне қойылатын талаптардың артуына және кәсіби міндеттерді шешудің инновациялық әдістерін меңгеру қажеттілігіне байланысты өз мамандығы бойынша жаңа теориялық және практикалық білім алу;
- — азаматтардың барлық санаттарының білім беру қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру.
Қосымша білім беру бағдарламаларын меңгерген тыңдаушыларға академияның сертификаты беріледі.
Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша курстардың тыңдаушылары Академия білім алушылары да, қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқудан өтуге ниет білдірген тұлғалар да бола алады.
- Оқудан өтуге ниет білдірген тұлғалар бөлімге мынадай құжаттарды тапсырады:
- — 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
- — Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Байланыс: +77775804214
Мекенжайы: Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 127, 19-кабинет
Деректемелер:
«Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ,
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Мекенжайы: Алматы қ., Панфилов көшесі, 127
БСН 010 240 002 450
ЖСК KZ 590703016510011001
БСК KKMFKZ2A
ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті РММ
Іздеу
Хабарландырулар

10.11.2026


