• 20.05.2022

«Жылдар бейнесі» атты портреттер көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Авторkaznai

Ақп 19, 2022

2022 жылы 15 ақпан күні Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің профессор-оқытушылар, магистранттар және студенттердің «Жылдар бейнесі» атты портреттер көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. 

Портрет бейнелеу өнерінің барлық түрімен: кесіндеме, мүсін, графика, мозаика көрмеде қойылды. Портреттің негізгі міндеті — адамның сыртқы ұқсастығын айнытпай берумен қатар, ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын ашып көрсетіп, дәуірлік-тарихи ұлттық тұлғасын шынайылықпен бейнелеу. Портрет кейіпкерге қарап отырып салынады, кейде көмекші материалдарға  естеліктерге сүйене отырып та ойдан туындайды.

Көрмеде студенттермен қатар ҚР кескіндеме өнерінің майталмандары Ж.Қайрамбаев, Б.Тұрғынбай, М.Жүнісбаев, Б.Байділда, Е.Даубай, Б.Құсайынов, Т.Сүлейменов, С.Тайнов, С.Ахметов, Қ.Үмбетова, және т.б. өнер қайраткерлерімен студенттер өз шығармашылық жұмыстарын паш етті.

Мақсаты: Портреттік кескіндеме бұл жанр жылы кескіндеме, мұндағы мақсат адамның нақты субъектісін бейнелеу.


Міндеті: Біздің негізгі мақсатымыз жас буынға сурет салудың қыр – сырларын, оның ең басты қағидаларын меңгеріп, үйренушілерге түсіндіру. Сол мақсатпен сурет салуда негізгінің бірі болып табылатын адам кейпін пішіндеу – портрет жанрын үйрену.

Приемная комиссия